Еріктілер ұйымдары алғашқы күннен-ақ көмек қорын ашып, эвакуацияланған азаматтарға және өз үйінде қалған зардап шегушілерге де азық-түлік, киім-кешек апарып, жәрдем жасады. Сол сияқты аулалардан су мен батпақ шығару, көше тазарту, қоқыс шығару жұмыстарын атқарған жеке құрам мен еңбек ұжымдарына ас әзірлеу ісіне атсалысты.
«Jetisu jastary» Жетісу облысы жастар орталығының «Eskeldi jastary» филиалының жетекшісі Серік Жолдыбаевтың айтуынша, филиал сол 12 тамыз күні-ақ арнайы көмек қорын ашып, зардап шеккендерге қолдау көрсеткен. Сол сияқты Абай, Ешкіөлмес (соның ішінде Кирзавод аумағында) ауылдарында су басқан үйлерді тазалау жұмыстарына көмекке келген азаматтарға, атап айтқанда үш күннің ішінде жалпы саны 1200-дей адамға Имам Ағзам мешітінде тамақ әзірлеуге көмек етті, бұл жұмыс әлі де жалғастырылуда.
Сол сияқты Lider.kz, «Адал» еріктілдер ұйымы да игі іске қол ұшын созды.
«Біз 12 тамызда бірден көмек қорын ұйымдастырдық. Алғашқы күннің өзінде бізге 150-дей адамнан қоңырау түсіп, 20 шақты адам заттай көмегін әкелді, бір тәулікте қаржылай 132 мың теңге жиналды. Оған қажетті азық-түлік, киім-кешек алып, эвакуациялау орнына қоныстанған азаматтарға жәрдем еттік. Бұл жұмыстарға біздің ұйымнан 15 жас атсалысты», — дейді «Адал» еріктілдер ұйымының жетекшісі Дарина Буканова.
***
Молодежь края Жетысу принимает самое активное участие в ликвидации последствий чрезвычайной ситуации, произошедшей в Ескельдинском районе.
Так, волонтерские организации в первый же день открыв специальный фонд, доставили продукты питания, одежду и оказали другую необходимую помощь пострадавшим сельчанам. Кроме того, инициативная молодежь участвовала в приготовлении пищи для личного состава спасательных подразделений и трудовых коллективов, выполнявших работы по откачиванию воды, очищению дворовых территорий и жилых домов от грязевой массы, вывозу мусора, уборке улиц.
Вместе с тем, большую лепту вносят и волонтерские объединения Lider.kz и «Адал».