Ескелді ауданының Ешкіөлмес және Абай ауылдарындағы төтенше жағдайға байланысты аулаларын су басқан ауыл тұрғындарын аудан әкімдігі Жедел штабтың шешімімен Қарабұлақ ауылындағы Шестаков атындағы мектепке орналастыра бастады.

Оларға сол жерден ыстық тамақ, жатын орын ұйымдастырылады. Қазіргі кезде 19 адам мектепке жайғастырылды. Оның 10-ы ересек адам, 9-ы бала.

Ескелді ауданының әкімдігі Төтенше жағдай департаментімен бірге нөсер жауыннан болған төтенше жағдайдың салдарын жоюға бар күш пен техниканы жұмылдыруда. Сонымен қатар арық жүйелерін тазарту мен аулаларды батпақтан тазарту жұмыстарына ҚР ІІМ Ұлттық гвардияның 5514 әскери бөлімі, ҚР ҚМ 18386 әскери бөлімі тартылды.

Жедел штаб Жетісу облысының ПД-сына тонаушылықты болдырмау үшін қоғамдық тәртіпті сақтауды міндетті.
Ескелді аудандық әкімдігі келтірілген шығынды есептеу үшін арнайы коммисия құрды, комиссия шығынды анықтау үшін елді мекендердің аулаларын аралауда. Су басқан тұрғын үйлердің жай-күйін зерделеудің нәтижесінде төтенше жағдайдың салдарын жою үшін қаржы бөлу мәселесі қарастырылатын болады.

Өз кезегінде ТАТЭК мекемесі де электр желілерін тексеріп, елді мекендерді электр жүйесіне қосу жұмыстарын атқарады