«Бақтыбай» БПҰ-ның 2021-2023 жылдары атқарған жұмыстары және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы есеп беру жиыны өтті

Жиынға «Бақтыбай» Бастауыш Партия Ұйымының төрағасы және «AMANAT» партиясы Ескелді аудандық мәслихат депутаты А.Дюсенбинов қатысты. Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, пікірлер айтылды.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер:
1. БПҰ-ның 2021-2023 жылдары атқарған жұмыстары және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы есебі;
2.Төрағаны және төрағаның орынбасарын, қажет болған жағдайда – БПҰ бюросын сайлау;
3.Партияның тиісті аумақтық филиалының конференциясына делегат сайлау.
«Бақтыбай» БПҰ – ның төрағасы өз сөзінде 2021-2023 жылдары атқарған жұмыстары бойынша есеп берді. Жиын соңында қорытынды жасалып, туындаған сұрақтарға толық жауап берілді.