«Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында «Алаш ағартушылары» тақырыбында Ескелді аудандық кітапхана және аудандық мадениет үйінің жастары арасында пікір талас өтті. Кезедсудің мақсаты жастарымызға қазақ халқының ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын түсіндіру, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, өз елін, жерін қорғайтын ұрпаққа тәрбие беру. Пікірталасқа қатысушылардың ойлары көп жағдайда әр қилы болғанына қарамастан, басқосқан жастар өздерінің ойларын ашық жеткізуде белсенділік көрсетті.