САЯСАТТЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

Біздің экономикалық саясатымыздың мақсаты айқын. Бұл – заман талабына сай әлеуметтік бағыт-бағдары бар нарықтық экономика құру және оны дамыту. Сондықтан кәсіпкерлікті дамыту үшін жүйелі жұмыс атқару өте маңызды фактор болып табылады. Осы тұста Президент әділ бәсекелестікті экономика үшін басты талап ретінде қолдап, бағаны ымыраласа отырып белгілеуге жол берілмеу керектігін баса айтты. Сәйкес құрылымдарға осы саладағы жұмыстарды ретке келтіруге, оны реформалау үшін кешенді ұсыныстар әзірлеуге тапсырма берді. Ел Президенті бизнеске кері әсер ететін бюрократиялық салмақты айтарлықтай азайтып, оның өсіп-өркендеуіне жол ашатын заңға қол қойды.
Президент еліміздің жаңа экономикалық саясаты алдағы кезеңде, ең алдымен, барлық қазақстандықтың өмір сүруі мен әл-ауқаты жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етумен байланысты екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев осы мақсатта Қазақстан даму банкінің жұмыс форматын елдегі шағын және орта бизнесті дамытуға көмектесетіндей қайта қарауды ұсынды. Жалпы, қазіргі уақытта Қазақстан қоғамы Мемлекет басшысының шешімдері төңірегінде топтасуы қажет. Біз бірге барлық қиындықты еңсеріп, көздеген мақсатымызға қол жеткізе аламыз.
Жалпы, қорыта айтқанда, еліміздің ұстанымы ынтымақты, бейбіт өмір сүру, ауызбіршілік, қоғамда халықтың рухани үйлесімділігін сақтау маңызды. Осы тұста Мемлекет басшысы: «Халықтың бірлігі, Қазақстанның егемен дамуы мен тәуелсіздігі идеяларына деген шынайы сенім қоғамның топтасуы мен еліміздің ілгерілеуі үшін қуатты іргетас», – деп қорытындылады. Осы негіздерді баса назарға алып, ертеңіміздің еңселі болуы үшін бірлігімізден ажырамайық.


Д.Карипова,
«Ескелді аудандық әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ төрайымы