Жылыжай

Жылыжай (орыс. теплица, ағылш. greenhouse) — жылу сүйетін жидектер мен көкөністерді, гүлдерді және басқа да өсімдіктерді жыл бойы өсіруге мүмкіндік беретін, қорғалған, жылытылатын, кендігі әр алуан құрылыс. Көшетханаға қарағанда құралымы, жылыту жүйесі күрделірек келеді.
Қазіргі таңда Ескелді ауданы, Көкжазық ауылында Жылыжай шаруашылығын жасап жатқан Нұрғали Ерсін ИП «Шаңырақ» айтуынша, бір түп қызанақ тоқсан күннің айнала­сын­да толықтай піседі екен. Жылыжайда қызанақ толық пісіп болған соң қияр егіп өсіреді екен.
Жылыжай шаруашылығында Нұрғали Ерсін 2017 жылдан бастап істеп жатыр. Күтімге байланысты. Жақсылап қарай алсақ, жақсы өнім береді. Қаңтар-ақпан айында бірінші лек егілсе, екінші легі шілде айы­ның ортасында жаңадан отыр­ғы­зылады. Піскен өнімді бір күн тастап теріп оты­рамыз және арнайы пакетке саламыз. Бәсеке­лестік бар. Өнімдерді ірі сауда нүктелеріне көтерме бағамен бір-ақ сатамын», дейді кәсіпкер.
Жылы­жай иесі жұмыс ауқы­мын кеңейте түс­сем дей­­ді. Әрине ол үшін мем­ле­кет ұсы­нып отырған бағ­­дар­ла­ма­ларды да пайдала­нып көр­ген абзал.
Сол үшін Ескелді аудандық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы 5 млн гранты мен Ауыл аманаты бағдарламасын толық түсіндіріп айтып қолдау көрсетіп жатырмыз.

Ескелді аудандық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы