Ақпарат

«AMANAT» партиясы Ескелді аудандық Сайлауалды бағдарламасының Жол картасында көрсетілген Жетісу ауылындағы дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмыстарын қадағалау мақсатында нысанда Партиялық бақылау посты құрылды. Партиялық бақылау постың ашылуына Ескелді аудандық партия филиалының төрағасы А.Ы.Баяханмен, партиялық бақылау посттың мүшелері құрылыс нысанының жұмыс барысымен танысты.
Бүгінгі күні Жетісу ауылының дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жұмыстары басталды. «ТІлек — 2030» ЖШС мердігерлік ұйымымен жалпы сомасы 112 500 121 теңгеге шарт жасалды, «Каспий маңы құрылыс басқармасы –Шымкент» ЖШС авторлық қадағалауымен 1 184 212 теңгеге шарт жасалды, «Мегалит Алматы» ЖШС техникалық қадағалауымен 3 453 162 теңгеге шарт жасалды. Ғимараттың жөндеу жұмыстары бөлшектеу сатысында.

Нысанда 12 адам жұмыс істейді.