Әлеуметтік мәртебені қалай білуге болады?

Келесі жылдан бастап енгізілетін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болу үшін азаматтар арнайы әлеуметтік мәртебе санатына жататынын тексеруі керек.

Бұл үшін:

Egov.kz порталына ЭЦҚ-мен кіріп, «Әлеуметтік мәртебені тексеру» қызметін таңдап, шыққан жолаққа ЖСН енгізу қажет.

· Сұрау соңында портал сіздің қай әлеуметтік мәртебе санатына жататыныңызды көрсетеді. Сізге «Жұмыскер», «Әлеуметтік төлемдер алушы», «18 жасқа дейінгі балалар», «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы», «Зейнеткер» мәртебелерінің бірі шығады.

Егер «Мәртебе анықталмаған» деген жауап берілсе, «мәртебені өзгерту» батырмасына өтіп, анкетаны толтырасыз. Мәртебеңіз туралы жауапты мемлекеттік орган 5 күн ішінде береді.

· Әлеуметтік мәртебені телеграмдағы EgovkzBot 2.0 және Facebook мэссенджері мен VK желісіндегі egov.kz парағы арқылы да тексеруге болады.