БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

II РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНДАР ОЙЫНДАРЫ

21-23 шілде күндері «QAZAQSTAN» Жеңіл атлетикалық спорт кешені мен «Алау» Мұз Сарайында ауқымды іс-шара өткізілді: University Medical Center Корпоративтік қоры мен «ФЕНИКС» Қайырымдылық қоры бірлесе ұйымдастырған II Республикалық Чемпиондар Ойындары. Спартакиадаға 100-ден аса бала қатысты, барлығы да – чемпион балалар. UMC Ана мен бала орталығында бұлай деп онкогематологиялық аурулардан ремиссияға шыққан және ағза трансплантациясы жасалғанына бір жылдан аса уақыт өткен пациенттерді атайды. 

Бүгінде Қазақстанда онкологиялық аурулармен есепте тұрған 4400 бала бар. Есептегілердің көбі жіті лейкозға шалдыққан балалар. Біздің елімізде онкологиялық ауруларды емдеудің ең жаңа әдістері зерттеліп, іс жүзінде жүргізіледі, мысалы: ісіктерге жоғары мөлшерлі химиялық терапия, таргетті иммунотерапия, сүйек пен буындарды эндопротездеу, кемік майын аутотрансплантациялау. 2012 жылдың сәуір айынан бастап UMC-де алғаш рет кемік майын аллогенді трансплатациялау жасала бастады.

2012 жылдан бастап UMC Ана мен бала орталығында балаларға туыстық және мәйіттік донордан 146 бүйрек ауыстыру мен 15 бауыр трансплантациясы жасалды. Қазақстандағы бүйрек трансплантацияларының нәтижелері әлемдік көрсеткіштермен пара-пар және  94,4% құрайды. Ағзасы ауыстырылған балалардың өмір сүруін жалғастыру деңгейі Еуропа елдерінен төмен емес.

Чемпиондар ойыны ең алдымен ауыр дертке шалдыққан балалар мен олардың ата-аналарын қолдауға бағытталған. Сонымен қатар қоғам назарын бұл пациенттерге аударту қажеттілігі де бар, себебі қоғамда ауыр дерттердің жазылмайтыны жайлы теріс пікірлер қалыптасқан. Әлеуметтік және кәсіби қауымдастықтарда толыққанды хабардар болмағандықтан, бұл адамдар сөзге қалып, тіпті онкологияға тап болған жандармен байланыс орнатпауға тырысады, бұл өз кезегінде пациенттер мен олардың ортасына психологиялық салмақ түсіреді.

Іс-шараның ашылу салтанаты құрметті шеруден басталды, оған біздің Чемпиондарымыз, олардың донорлары мен UMC  Ана мен бала орталығының медицина қызметкерлері қатысты. Ойындарымыздың жалауын желбіреткен әлемнің төрт дүркін рекордсмені, Гиннес кітабының рекордсмені батыр Сергей Цырульников шеруді аяқтады.

Чемпиондар ойындарының қатысушыларына сәттілік тілеп, қарсы алғандар қатарында: University Medical Center Басқарма Төрағасы Юрий Пя, UMC психологиялық-педагогикалық бөлім басшысы Ляйля Тусупбаева, бокс бойынша олимпиада чемпионы Серік Сапиев, көркем гимнастика бойынша халықаралық санаттары спорт шебері Анна Алябьева юолды. Іс-шара жүргізушелері радиожүргізуші және дубляж актрисасы Майра Төлепберген мен Қазақстандық театр және кино әртісі Асқар Ильясов. Қолдау көрсетіп, іс-шараға тікелеу қатысқандары үшін ерекше алғыс білдіреміз.

Жарыстар келесі спорт түрлері бойынша өткізілді: «Асық ату», «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойындары, жеңіл атлетика (60м жүгіру), үстел теннисі, ату (пневматикалық винтовка, 10м.), мини-футбол, шахмат (швейцарлық жүйе бойынша), боулинг, бадминтон, жүзу. Әділ-қазылар алқасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары мен спорстмендері төрелік етті.  

Үш күндік бағдарлама, спорттық шаралармен ғана шектелген жоқ. Балалар шығармашылық бойынша шеберлік сағаттарына қатысып, ата-аналар үшін психологиялық тренингтер ұйымдастырылды. Ойындардың амбассадоры Асқар Ильясов балалармен кездесіп, әңгімелесті. Одан бөлек кешкі елорда бойынша экскурсия жасалып, «Жастар» сарайынша «Современник» халықтық жастар театры өнер көрсетті.

Чемпиондар ойындары – ауыр дертке шылдыққан балалар мен олардың ата-аналары, дәрігерлері мен барлық медициналық қызметкерлер үшін жігерлендіру болып табылады. Ойындардың өткізілуіне демеушілік еткендер:

Ойындарды ұйымдастыруда келесі ұйымдар белсенді қатысуда:

• Назарбаев Университет;

• ҚР Мәдениет және спорт Министрлігі; 

• Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы;

• ҚР спортшылар одағы;

• ҚР Спорт Федерациясы;

• «Qazaqstan» Жеңіл атлетика кешені;

• «АЛАУ» Мұз сарайы;

• ҚР көлік және жолдарды дамыту басқармасы;

• «Өмір сыйы» Трансплантациялық пациенттердің Республикалық қоғамдастығы;

• Food city;

• «PINgWIN» кешені;

• «Алау» мергендер клубының тирі;

• Qsi international school;

• Қазақстандық футбол федерациясы;

 • Kazakhstan Chess Federation;          

• «Ход Конём» шахмат мектебі;

• Астана қаласы бойынша бадминтона Федерациясы;

• Қазақстандық үстел теннисі федерациясы;

• Республикалық асық ату федерациясы;

• Қазақстандық жеңіл атлетика федерациясы;

• «WOW Swim» Жүзу мектебі;

• «ДариДобро» еріктілер тобы;

•«Современник» Халықтық жастар театры;

• Party center;

• «Bala time» вокалды тобы;

• ПК Витанова;

• jsd.kz полиграфиясы;

• «TEG corporation» ЖШС;

• Еріктілер мен бизнес өкілдері.