Жетісу облысында жарты жыл ішінде бруцеллез сырқаттанушылығының 58 жағдайы тіркелді/ В области Жетісу за полгода зарегистрировано 58 случаев заболевания бруцеллезом Жетісу облысында жарты жыл ішінде бруцеллез сырқаттанушылығының 58 жағдайы тіркелді/

Жетісу облысында жарты жыл ішінде бруцеллез сырқаттанушылығының 58 жағдайы тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 14 жағдайға жоғарылаған. Әсіресе эпидемиологиялық қолайсыздықты Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал аудандары қамтыды. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық департаменті басшысы Асхат Чарапиев пен облыстық Ветеринария басқармасы ветеринариялық шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Бауыржан Көшербектің қатысуымен БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихаты өтті.
«Өткен жылмен салыстырғанда балалар арасында 4 жағдайға, жасөспірімдер арасында 1 жағдайға өскен. Тіркелген 58 науқастың 45-де жұғу көздері ұсақ мүйізді мал, 7-де ірі қара мал. Жұғу көздері табылмаған 6 жағдай Алакөл, Ескелді, Қаратал аудандарында тіркелді», — деді департамент басшысы.
Сонымен бірге баспасөз конференциясында сібір жарасы жайлы да сөз қозғалды. Сібір жарасы табиғи ошақтық жұқпа болғандықтан елімізде аурудың бұрқ ету жағдайлары жыл сайын тіркеліп отыр. Алайда, біздің облыста адамдар және ауылшаруашылық жануарлар арасында жағдай тіркелген жоқ. Облыс бойынша есепте сібір жарасынан 97 стационарлық — қолайсыз пункт, 158 топырақтық ошақ бар. Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мәліметі бойынша 161-і талапқа сай қоршалған.
«Бруцеллез де, сібір жарасы да ауылшаруашылық малдарынан жұғатынын ескере келе, рұқсат етілмеген сауда орындарынан, ветеринариялық таңбасыз ет сатып алмаңыз және сатушылардан ветеринариялық ілеспе құжаттарды сұраңыз. Мал қораны жинаған кезде, терімен, жүнмен және т.б. жұмыс істегенде бетперде тағу керек. Адамдар мен жануарларды сібір жарасы вакцинасымен егу маңызды», — деде Асхат Сәкенұлы.
Профилактика іс-шараларының жылдық жоспарына сәйкес Сібір жарасына қарсы вакциналармен қамтамасыз етілу деңгейі 100%-ға жетті.
«Бүгінде Сібір жарасына қарсы 2023 жылы 3 млн-ға жуық доза республикалық меншіктен Жетісу облысының комуналдық меншігіне қабылдап алынды. Облыстық ветеринария басқармасы тарапынан аудандық қалалық ветеринариялық станциялардың өңдірістік тоңазытқышына дейін сақтау үшін таратылып берілді», — деді Бауыржан Көшербекұлы.
Атап айтсақ, облыс аумағында 158 сібір жарысы ошақтары тіркелген. Аталған 158 ошақтың 134-і көміндіде орналасқан. Барлық ошақтар кадастр бойынша деректер базасына координаттары тіркелген. 134 көміндінің 21 ошағы аудандық ветеринариялық станциялар теңгеріміне алынған. 48 ошақ жергілікті әкімшіліктер теңгерімінде.

****

В области Жетісу за полгода зарегистрировано 58 случаев заболевания бруцеллезом

В области Жетісу за полгода зарегистрировано 58 случаев заболевания бруцеллезом. По сравнению с прошлым годом заболеваемость увеличилась на 14 случаев. В частности, эпидемиологические неудобства затронули Аксуский, Алакольский, Ескельдинский, Каратальский районы. На площадке Региональный службы коммуникации состоялась пресс-конференция с представителями СМИ с участием руководителя санитарно-эпидемиологического департамента области Жетісу — Асхата Чарапиева и руководителя отдела организации ветеринарных мероприятий областного управления ветеринарии Бауыржана Кошербека.
«По сравнению с прошлым годом среди детей увеличилось на 4 случая, среди подростков-на 1 случай. Из 58 зарегистрированных больных 45 имеют источники заражения мелкий рогатый скот, 7-крупный рогатый скот. В Алакольском, Ескельдинском, Каратальском районах зарегистрировано 6 случаев заражения», — сказал руководитель департамента.
Также на пресс-конференции были обсуждены вопросы сибирской язвы. Поскольку сибирская язва является природно-очаговой инфекцией, в стране ежегодно регистрируются случаи метели. Однако в нашей области не зафиксировано случаев среди людей и сельскохозяйственных животных. На учете по области находится 97 стационарно — неблагополучных пунктов от сибирской язвы, 158 почвенных очагов. По данным районных управлений санитарно-эпидемиологического контроля, 161 огражден по требованию.
«Учитывая, что и бруцеллез, и сибирская язва передаются от сельскохозяйственных животных, не покупайте мясо без ветеринарной маркировки в местах несанкционированной торговли и запрашивайте у продавцов ветеринарные сопроводительные документы. При уборке скотного двора, работе с кожей, шерстью и т. д. необходимо носить маски. Важно вакцинировать людей и животных вакциной против сибирской язвы», — сказал Асхат Сакенович.
Согласно годовому плану профилактических мероприятий уровень обеспеченности вакцинами против сибирской язвы достиг 100%.
«На сегодняшний день около 3 млн доз против сибирской язвы в 2023 году приняты из республиканской собственности в коммунальную собственность области Жетісу. Областное управление ветеринарии ликвидировано для хранения в производственных холодильниках районных городских ветеринарных станций», — сказал Бауыржан Кошербекулы.
В частности, на территории области зарегистрировано 158 очагов сибирской язвы. Из 158 названных очагов 134 находятся в захоронении. Все очаги зарегистрированы в базе данных по кадастру. Из 134 захоронений 21 очаг взят на баланс районных ветеринарных станций. 48 очагов находятся на балансе местных администраций.