
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (әрі қарай — Департамент) «Көксужылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының (әрі қарай — Кәсіпорын) жүзеге асырылатын қызмет түрлерін кеңейтуге келісім беру туралы өтінішхатын қарастырды.
Осы өтінішхатты қарау барысында, Департаментпен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жетісу облысы бойынша филиалының Көксу аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің (әрі қарай — Бөлім) бұйрығымен Кәсіпорынның мемлекеттік қайта тіркеуден өткені анықталды.
Кәсіпорынның мемлекеттік қайта тіркеуден өтуіне негіз: қосылу жолымен қайта ұйымдастыру, жарғының жаңа редакциясы, жарғылық капиталдың ұлғаюы, қызмет түрлерінің және атауының өзгеруі.
Алайда, Кәсіпорын қызмет түрлерін кеңейтуге монополияға қарсы органның келісімін алған жоқ, бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 192 – бабының 4-тармағындағы талап аясында орындалмағандығын көрсетеді.
Осылайша, Бөлімнің іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын монополияға қарсы органның келісімінсіз мемлекеттік кәсіпорынды мемлекеттік қайта тіркеу бөлігіндегі бұзушылықтардың болуы анықталды.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Департамент Бөлімге қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы Нұсқама шығарды.
Қазіргі таңда қосылған қызмет түрін Бөлім алып тастап, Нұсқаманы орындады.
***
Департаментом Агентства Республики Казахстан по защите и развитию конкуренции по области Жетісу (далее — Департамент) рассмотрено ходатайство государственного коммунального предприятия на праве хозяйственного ведения «Коксужылу» (далее — Предприятие) о предоставлении согласия на расширение осуществляемых видов деятельности.
В ходе рассмотрения данного ходатайства Департаментом установлено, что согласно приказу Отдела Коксуского района по регистрации и земельному кадастру филиала НАО «Государственная корпорация «Правительства для граждан» по области Жетісу (далее — Отдел), Предприятие прошло государственную перерегистрацию.
Основанием для государственной перерегистрации данного Предприятия послужили: реорганизация путем присоединения, новая редакция устава, увеличение уставного капитала, изменение видов деятельности, переименование.
Однако, Предприятие не получило согласие Агентства по защите развитию конкуренции на расширение видов деятельности, чем нарушило пункт 4 статьи 192 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан
Таким образом, в действиях Отдела установлено нарушение законодательства Республики Казахстан в области защиты конкуренции, в части государственной перерегистрации государственного предприятия без согласия антимонопольного органа. На основании вышеизложенного, Департаментом в отношении Отдела вынесено Предписание об устранении нарушений законодательства Республики Казахстан в области защиты конкуренции, которое на данный момент исполнено — путем исключения добавленного вида деятельности.