Жетісу облысында 2 205,5 мың тонна жем-шөп дайындау жоспарланған

Жетісу облысында 2023-2024 жылғы қысқы науқанға мал азығының қосымша қоры ескеріліп, 2 205,5 мың тонна жем-шөп дайындау жоспарланған. Оның ішінде шөп – 1271 мың тонна, пішіндеме – 117,3 мың тонна, сүрлем – 204 мың тонн, сабан – 300 мың тонна, жем – 313,1 мың тонна, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда, ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараттарына сәйкес, 61,2 мың га көпжылдық шөп шабылды, жиналған шөп – 239,0 мың тонна, орташа өнім – 39,0 ц/га. Оның ішінде Ақсу – 21,0 мың тн, Алакөл – 34,6 мың тн, Ескелді – 26,1 мың тн, Қаратал – 17,0 мың тн, Кербұлақ – 34,5 мың тн, Көксу – 18,1 мың тн, Панфилов – 52,3 мың тн, Сарқан аудандарында – 34,8 мың тн, Талдықорған қ. – 3 мың тн, Текелі қ. – 30 тн. Жем-шөп дайындау мәселесі тұрақты бақылауда.
Жалпы, 2023 жылдың 1 маусымына Жетісу облысында мал шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,6% пайызға өсіп 68,8 млрд. теңгені құрады, жыл қорытындысы бойынша мал басын 3,5% пайыз өсімімен 229,0 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда. Облыс бойынша 2308 қыстақ бар, қазіргі уақытта облыс бойынша 940 мың астам бас ауыл шаруашылығы жануарларлы жайлауға шықты.

Жетісу облысы әкімінің
баспасөз қызметі.