Асхат Чарапиев 1982 жылы Сарқан ауданында дүниеге келген. 2006 жылы Қазақ ұлттық медицина университетін гигиенист және эпидемиолог мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Талдықорған қалалық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық басқармасы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы, Алматы облысы Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы, Сарқан ауданы бойынша эпидемиологиялық қадағалау мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының басшысы және Алакөл ауданының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. 2019 жылдан бері Алматы және Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары қызметінде болды. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
****
Асхат Чарапиев родился 1982 году в Сарканском районе. В 2006 году окончил Казахский национальный медицинский университет по специальности гигиенист и эпидемиолог. В разные годы работал главным специалистом отдела эпидемиологического надзора Талдыкорганского городского управления государственного санитарно-эпидемиологического надзора, главный специалист отдела эпидемиологического надзора департамента государственного санитарно-эпидемиологического надзора Алматинской области, Начальник управления государственного санитарно-эпидемиологического надзора по Сарканскому району и Руководитель Управления охраны общественного здоровья Алакольского района. С 2019 года занимал должность заместителя руководителя департамента санитарно – эпидемиологического контроля Алматинской области и области Жетісу.
Имеет нагрудной знак «Денсаулық сақтау ісінің үздігі».