Өмірде біліп жүруге тиіс жайт бар. Бірқатарын тізіп көрейік. Ендеше, мыналар есіңізде болсын
- Әкімдердің шапағаты.
2.Ғұламалардың шариғаты. - Байлардың салауаты.
- Кедейлердің қанағаты.
- Үлкендердің ұлағаты.
- Жастардың инабаты.
- Азаматтың ар-ұяты.
Жүйкені тоздыратын және желіктіретін 7 нәрсе:
- Еңбексіз жеген нан.
- Некесіз болған жан.
- Боямалы тән.
- Нашадан бұзылған қан.
- Темекенің түтіні.
- Арақтың жұтымы.
- Ақшалы ойынның ұтымы.
Азамат ерді бақытқа жетелейтін үш нәрсе:
- Бір қарағанда өзіңе ұнайтын, өзің жоқта абыройыңа, малыңа сенімді әйел.
- Жуас, мықты, сені досыңа жеткізетін көлік.
- Кең әрі қажетті нәрселерге толы үй.
Азамат ерді бақытсыздыққа жетелейтін үш нәрсе:
- Өзіңе ұнамаған сенімсіз, надан әйел.
- Жүрмейтін жолда қалдыратын көлік.
- Күнде-күнде ұрсысатын жаман көрші.
Тек кетпейтін үш дұға:
- Ата-ананың алғыс немесе қарғыс дұғасы.
- Мүсәпірдің налыған дұғасы.
- Аш адамның ашынған дұғасы.
Мынадай 10 түрлі қасиетке ие бол:
- Өзіңнен ұлық күштілермен ұрыспа
- Ожар мінезділермен алыспа.
- Қызғаншақпен мәжілістес болма.
- Наданмен пікір таластырма.
- Екі жүзді адаммен дос болма.
- Жалғаншы жанмен мәміле қылма.
- Бақылмен сұхбаттас болма.
- Мінезі жаманмен отырып шарап ішпе.
- Әйелдермен бір жерде көп отырма.
- Сырыңды ешкімге айтпа.
ЖШ АҚПАРАТ