Өрт қауіпсіздігін үнемі сақтау керек және өзгелерге де ескерту қажет. Өрт жолында тіршіліктің барлығын жояды. Өрттің шығу себебі тұрғындардың өрт қауіпсіздігін сақтамауынан және бұзуынан орын алуда.
Жазғы өрт қауіпті кезеңде өрт жылдам таралады және үлкен аумақты қамтып материалдық шығын мен жазатайым оқиғалар тудырады. Ескелді ауданының төтенше жағдайлар бөлімі дала өртін болдырмас үшін алдын алуда.
Жазғы маусымда демалушылар табиғатта,саяжай учаскелерінде және орман масивтерінде демалу кезінде сөндірілмеген темекі немесе от жағу кесірінен өрт шығу қаупі ұлғаяды.Сондықтан аудан тұрғындарына және демелушыларға өрт қауіпсіздігін үнемі сақтау қажет екендігін ескертеміз.
Қ. Әшімов,
Ескелді ауданы ТЖБ инженері азаматтық қорғау
аға лейтенанты