Астық жинау орындарында адамдар жұмыс істеген кезде қарапайым өрт қауіпсіздігі ережесіне көңіл бөлу қажет. Яғни адамдардың немқұрайлығынан, темекі тартып шала өшіріп тастай салады және техникалардың от қағарының бар болуына да көңіл бөлмеуі мүмкін. Бұндай шалағайлыққа өрт апаты жаны-ашырлықпен қарамайды. Егін алқаптарында техникаларын жөндеуден өткізетіні де кездеседі және дәнекерлеу жұмысында жүргізуі мүмкін, бірақ бұның бәрі өртке қауіпті. Егістік айналалары өрт қауіпсіздігі жолағымен жыртылуы керек және оны қайталап жыртып тұру керек өйткені жыртылған жерге қайта шөп өсіп, дала өрттері болған жағдайда егістікті өрт шарпым кетуі мүмкін. Науқаннан жинаған тергенді сақтау орындарында да өрт қауіпсіздігі ережесіне көңіл бөлген жөн. Астық сақтау қоймаларын алғашқы өрт сөндіру құралдармен жабдықтап, электірлік жүйелерінен өртке жол бермес үшін қадағалап, жөндеу керек. Өртке жол бермейік.
Қ.Әшімов,
Ескелді ауданы ТЖБ инженері
а/қ аға лейтенанты