Ұлық мейрам –Құрбан айт!

28-маусым бүкіл мұсылман халықтарының ұлық мейрамы Құрбан Айт мерекесі басталды.
Құрбан айт (Араб тілі: عيد الأضحى ‘Īd ul-’Aḍḥā, Урду тілі: بقرعید) – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол «ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады.
Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері Аллаһқа арнап құрбандық шалады, мал сояды (жылқыдан басқа). Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі. Әрбір мұсылман Аллах разылығы үшін мүмкіндігі болса құрбан шалады, мал сояды (жылқы малынан басқасын). Аллаһның бұйыруы бойынша бірінші құрбандық Ибрагим Пайғамбардың сүйікті баласы – Исмаил болуы керек болды. Не әкесі, не баласы қарсы болған жоқ. Аллаһ әкесі мен баласының өзіне берілгендігіне көз жеткізіп, оларды құрбандыққа шалған жұмақтан аспан түстес көк қошқарды түсіріп, оларға мейірім түсірді. Содан бері дәстүр жалғасын табуда. Оны орындау – әрбір мұсылманның міндеті. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр және түйе малын шалады. Басқа жануарлар қолданылмайды. Ауру, соқыр мал құрбандыққа шалынбайды. Мұсылмандар үшін Құрбан айттың бірінші күні маңызды болып саналады. Бұл күні мешіттерде айт намазы оқылады. Айттың осы бірінші күнінде адамдар бір-бірін құттықтап, бір-бірінің үйінен дастарқаннан дәм татады, бұл күні әр мұсылманның үйінде дастарқан жайылады. Құрбан айт күні ертерек тұрып, ғұсыл алып, таза киім киіп, хош иісті әтір сеуіп, көшеде жолыққан адамға ашық жүзбен қарау, құрбандық етімен ауыз ашу үшін намаздан алдын ештеңе жемей, намазға бара жатқанда тәкбір айту – хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың сүннеті. Аллаһ Тағала әмірі мен пайғамбарлар сүннетін орындау Жаратушы Иеміздің ризашылығына жақындатып, ақиретте сый-сияпатына кенелтеді. Сондықтан да айтқа ниеттеніп, дайындалушы немесе ынта-ықыласымен құрбандық шалушының Тәңірі мейіріміне бөленіп, о дүниеде жүзі жарық, мол сауапқа ие болары сөзсіз. Қажылыққа барған тәуап етушілер мен оған себепті жағдаймен бара алмағандарға айт күндері ортақ ғибадат – құрбандық шалу. Бұл – айтулы мерекенің ең маңызды амалы. Құрбандық деп құрбан айт күндерінде ғибадат ниетімен шалынатын малды айтады. Сондықтан бұл құрбандық шалу мерекесі, яғни Құрбан айт деп аталады. Қасиетті Құран Кәрім және Ислам тарихы бойынша бұл мереке мен оның шежіресі сонау адамзаттың атасы Адам (ғ.с.) ата және дәстүрлі діндердің түп атасы Ибраһим (ғ.с.) мен оның ұлы Исмайыл (ғ.с.) пайғамбарлармен тығыз байланысты. Құрбан айт күндері шариғат бойынша нисап мөлшеріндегі, яғни 85 грамм алтынға тең ақшасы бар, бас бостандықтағы, ақыл-есі бүтін, жолсапарда емес мұсылманға кем-кетіксіз бір жастағы қойды немесе ешкіні немесе бір адамнан жеті адамға дейін ниеттерін біріктіріп, екі жастағы сиыр немесе бес жастағы түйені құрбандыққа шалу уәжіп. Құрбандықтың уәжіпті қасиетті Құранда: «Раббың үшін (айт намазын) оқы, құрбандық шал», – деп бұйырылған. Ал әз Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім мүмкіндігі бола тұра құрбандық шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!»
Құрбан айттың бірінші күні
Құрбан айттық бірінші күні (Зилхиж-жаның 10-ыншы күні) таң атқаннан кейін Муздәлифәда таң намазы оқылады. Таң намазынан кейін Муздәлифә уақфасы жасалады. Жерге жарық түскенге дейін дұға етіліп, тілек тіленеді. Сосын қажылар күн шықпай Минаға қарай бет алады. Минада шатырларға орналасқаннан кейін шайтанға тас лақтыру үшін Үлкен шайтанға (Ақаба жәмрасына) барады. Құрбан айттың бірінші күні Үлкен шайтан тасқа (Ақаба жәмрасына) жеті тас лақтырылады. Әр тасты: «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар, рағман лиш-шайтани уа хизбиһ» деп айтып, лақтырады. Мағынасы: «Аллаһтың атымен’ Аллаһ ұлы, шайтан және оған ергендер каламаса да». Алғашқы тас лақтырылғанда тәлбия айту тоқтатылады. Үлкен шайтанға жеті тас лақтырғаннан кейін тәматтуғ немесе қиран Қажылығын орындаушылар Харам аумағының кез келген жерінде мойындарына уәжіп құрбандарын шалады немесе басқа біреуді өкіл жасап шалдырады. Ифрад Қажылығын орындаушыларға құрбан шалулары уәжіп болмағандықтан нәпіл құрбан шалуларына болады. Ифрад Қажылығын орындаушылар Үлкен шайтан таска (Ақаба жәмрасына) тас лақтырғаннан кейін, ал, тәматтуғ және қиран Қ-ғын орындаушылар құрбандарын шалғай соң, шаштарын алғызып немесе кысқартып ихрамиан шығады. Ихрамда харам болған нәрселердің бәрі қайтадан халал болады. Тек қана әйелдерімен барғандар зиярат та-уабын жасағанға дейін жыныстық қатынас жасай алмайды. Ихрамнан шыққаннан кейін, Меккеге барып, зиярат тауабы жасалады. Бұл тауап былай жасалады: Жақсылап дәрет алып, бар ықыласпен Мәсжидул-Харамға қарай зікір айтып, баяу жүріспен барады. Ер кісілер тауапты бастамас бұрын ридаларын (дененің үстіңгі жағына оралатын их-рам матасы) оң қолтықтарының астынан өткізіп, сол иықтарының үстінен тарта орайлы. Тауапқа байланысты осы әзірліктерді істегеннен кейін «Аллаһым, мен сенің ризалығың үшін зиярат тауабын жасауды ниет еттім. Зиярат тауабын маған жеңіл ет және менен қабыл ал» — деп ниет етіп, Рукнул-Йәмани жағынан қара тастан қарсысына барады. Мүмкіндік болса, тәкбір және таһлил айтып, қара тасты сүйеді. Ал егер мүмкін болмаса, қолмен ишарат етіп, сәлемдеседі. Қара тастың орналасқан бұрышында тауаптың баста-латын жерін білдіретін қоңыр сызық бар. Міне, осы сызықтық тұсынан тауап басталады. Егер тауап бұл сызықтық яғни, қара тастың дәл карсысынан емес кішкене алдыңғы жағынан басталынған жағдайда айналым толық болмай қалады. Қағбаны сол жағына алып, оң жағымен тауапты бастайды. Әр айналымның басында қара тасқа сәлем береді. Барлық айналымдар-да Рукнул-Йәмәни мен Рукнул-Хажа-рул-Әсуәдтің арасында мына дұға оқылады: «Раббәна әәтина фид-дуниәә хасанатан уа фил-әәхирати хасәна, уа қина а’азабәннар. Уа адхилнал-жәнната ма’ал-абрар, Иа А’азизу на Ғаффар. Иа раббал-а’аламин». Мағынасы: «Раббымыз бізге бұл дүниеде де, ақыретте де тек жаксылығыңды беріп, бізді от азабынан сақта’ Бізді жақсы, игі кұлдарыңмен бірге жәннатқа кіргіз. Уа, А’азиз, уа, аса кешірімді Ғаффар, уа, бүкіл әлемнің Раббысы».
Алғашқы үш айналымда ер кісілер адымдарын жиі-жиі алып иықтарын сілкіген бойда, жылдам-жылдам жүреді. Бұлай істеу «рәмәл» делінеді. Рәмәл істеу — сүннет, істелінбеген жағдайда тауаптың дұрыстығына зиян келтірмейді. Тауап аяқталғаннан кейін мүмкін болған жағдайда, Ибраһим мақамында, болмаса, мешіттің кез келген жерінде екі рәкат намаз оқып, дұға жасалады. Сосын зәмзәм суын ішеді. Егер арафа күнінен бұрын Қ. сағиі жасалмаған болса, зиярат тауабынан кейін жасалады. Зиярат тауабының құрбан аштың үшінші күні ақшам уақытына дейін жаса-луы Имам Әбу Ханифа бойынша — уәжіп, ал Имам Әбу Юсуп және Имам Мұхам-мед бойынша — сүннет. Жалпы Ханафи мазһабында бұл тауапты Құрбан айттық бірінші күні жасау — абзал. Зиярат тауабын жасаған соң Минаға қайта қайтып, шайтанға тас лақтыру күндерінің түн-дерін сол жерде өткізу Ханафи мазһабында -сүннет, ал басқа мазһабтарда — уәжіп. Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні демалыс болып табылады.
Құрбан айттың екінші, үшінші және төртінші күндері
Құрбан айттық екінші, үшінші және төртінші күндері (Зилхижжаның ІІ, 12, 13-ші күндері) күн тас төбедей ауғаннан кейін бірінші — Кішкентай; екінші — Орта; Үшінші Үлкен шайтан тастарға жеті-жетіден тас лактырады. Кішкентей және Орта шайтан тастарға тас лақтырып болғаннан кейін дұға жасалады. Үлкен шайтан тасқа тас лақтырған соң дұға жасамай, дереу ол жерден кетеді. Құрбан айттық екінші және үшінші күндері күн тас төбедей аумай шайтан тастарға тас лактырмайды. Құрбан айттық төртінші күні шайтан тастарға тас лақгырмайтындар (бұл күні лақтыру абзал, бірақ уәжіп емес) төртінші күні таң атпай Миналан қайтулары шарт. Әйтпесе, төртінші күні де тас лақтырулары уәжіп боп қалады. Яғни, Минала қалғандар үш шайтан тастың әрқайсысы жеті-жетіден тас лақтырып, Меккеге қайтады. Миқат шекараларының сыртынан келгендер Меккеден шығар кезде қоштасу тауабын жасайды. Бірақ одан да бұрын жасауларына болады. Егер бұрын жасалын қойса, Меккеден шығар кезде қайта жасау шарт емес. Қоштасу тауабын жасағаннан кейін Қағбаға барып, намаз оқып, нәпіл тауап жасауға болады. Мұндай жағдайда ең соңғы жасаған нәпіл тауабы -уадағ (қоштасу) тауабы деп есептеледі. Хайыз және нифас жағдайындағы әйелдер қоштасу (уадағ) тауабын жасамайды. Мәсжидул-Харамның есігіне дейін барып, Қағбамен қоштасып кайтады. Ибну Аббас бұл турасында «Әйел адам хайыз жағдайында болса, қоштасу (уадағ) тауабын жасамастан жолға шығуына рұқсат етілді» (Бухари, Хайыз, 27/Хаж, 144; Муслим, Хаж, 382 (1328),- деп риуаят еткен. Міне, осылайша Қ. амалдары тәмамдалады.

  1. Құрбан сөзінің анықтамасы:
    Араб тілінде:
    Тілімізге еніп кеткен «құрбан» сөзі араб тілінде – «жақындау» деген мағынаны білдіреді.
    Терминдік мағынасы: Алла Тағаланың разылығына жақындау ниетімен құрбан айт күндерінде шалынатын арнайы малдың аты.
    Құрбан шалудың артықшылығына, сауапты іс екендігіне қатысты пайғамбарымыздың бірнеше хадистері бар.
    «Адам баласы құрбан айт күнінде (құрбан шалып) қан ағызудан да сүйікті басқа іспен Аллаһ Тағалаға жақындаған емес. Қаны ағызылған мал қиямет
    күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай жатып, Аллаһ Тағаланың құзырында үлкен мақамға жетеді. Сондықтан құрбандарыңды көңіл ризашылығымен шалыңдар»
    Пайғамбарымыз төмендегі мына хадисте Алла ризашылығы үшін шалынған құрбанның әрбір қылы үшін сауап жазылатындығын сүйіншілеген: «Сахабалар Пайғамбарымызға :
    – Уа, Алланың Елшісі, құрбандық деген не? – деп сұрақ қойды.
    – Құрбандық – сендердің Ибраһим (а.с.) бабаларыңның сүннеті, – деді.
    – Одан бізге қандай сауап бар?
    – Әрбір тал қылшығы үшін сауап аласыңдар.
    – Қойдың жүнінен ше?
    – Қойдың жүнінің әрбір тал қылшығына да сауап жазылады»
  2. Құрбан айтта құрбан шалудың үкімі
    Ханафи мәзһабында құрбан айтта шамасы жеткен дерге құрбан шалу – уәжіп.
    Уәжіптігінің дәлелдері:
    Алла Тағала Құран Кәрімде пайғамбарымызға : «Намаз оқы және құрбан шал»– деп, әмір етіп, құрбан шалудың уәжіптігін білдірген. Пайғамбарымыз «Кімде-кім мүмкіншілігі бола тұра құрбан шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!» – деп бұйырған.
  3. Құрбан шалу кімге уәжіп?
    Құрбан шалу уәжіп болу үшін төмендегі мына шарттар болуы қажет.
  4. Мұсылман болу;
  5. Құрбан айт уақытында жолаушы болмау;
  6. Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болу. Нисап мөлшері – 85 грамм алтын яки құнына тең келетін ақша. Зекет ғибадаты сияқты құрбанның уәжіп болуы үшін нисап мөлшеріне жеткен малға бір жыл толу шарт емес. Құрбан шалған уақытта міндетті түрде ниет ету керек. Өйткені, малды ғибадат үшін соятыны сияқты, тек қана етін пайдалану үшін де союға болады.
    Ескерту: Нисап мөлшерінде артық қаражаты болмаса да кедей мұсылман кісінің құрбан шалуына болады. Шалған құрбандығы нәпіл құрбан үкімінде болады.
  7. Құрбан шалудың уақыты
    Құрбан шалудың уақыты құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айтың үшінші күні ақшамға аз уақыт қалғанға дейін жалғасады. Қандай да бір маңызды шариғи себепке байланысты құрбан айт намазына бара алмай, айт намазын оқымаған кісі намаз оқып болатындай уақыт өткеннен кейін құрбанын шала беруіне болады. Айт намаздан бұрын шалынған мал құрбандыққа есептелмейді.
  8. Құрбандыққа жарамды малдар
    Қой, ешкі, сиыр және түйе малдарын ғана құрбандыққа шалуға болады. Құрбан ретінде шалынатын қой және ешкі кем дегенде бір жасар, сиыр екі жасар, түйе бес жасар болуы керек. Алты-жеті айлық кепе қозы бір жасар қой сияқты семіз, етті болса, құрбандыққа шалуға жарайды. Қой мен ешкінің еркегін, сиырдың ұрғашысын шалу абзал. Елік, арқар сияқты аңдар мен тауық, қораз, қаз, үйрек сияқты құстар құрбан ретінде сойылмайды.
  9. Бірігіп құрбан шалу
    Қой немесе ешкіні тек бір адам құрбан ретінде шала алады. Ал сиыр немесе түйені яғни, ірі қараны бір кісінің жалғыз өзі үшін шалуына болады. Сондай-ақ жеті кісіге арнап, ортақ шалуларына болады. Құрбанды ортақтасып шалған уақытта әрбір адам құрбан шалу ниетімен ортақтасуы керек. Бір кісі құрбан үшін, ал екінші бір кісі тек қана етін алу ниетімен ортақтасса, шалынған мал барлық ортақтар үшін құрбан болып есептелмейді.
  10. Құрбандыққа жарамайтын малдар
    Мынадай кемшілігі бар малдар құрбандыққа жарамсыз болып саналады.
  • Бір көзі соқыр
  • Сойылатын жерге жете алмайтын дәрежеде көтерем
  • Құлағы немесе құйрығы тумадан жоқ немесе басым бөлігі кесілген
  • Тістерінің көбі түсіп қалған
  • Емшектерінің басы жұлынып қалған
  • Бір мүйізі немесе екеуі де түбінен сынған.
    Құрбан шалуы уәжіп болған кісінің құрбандық малында аталмыш кемшіліктердің біреуі сатып алғаннан кейін пайда болса немесе алған малы өліп қалса, қайтадан құрбандыққа жарайтын мал сатып алып шалуы керек. Ал құрбан шалу уәжіп болмаса да, сауап үшін шалуды ниет еткен кедей адамның сатып алған құрбанында бір кемшілік пайда болса, сол малды шала береді. Тіпті құрбан шалуы уәжіп болмаған кедей адам бойында кемшілігі бар малды сатып алып, құрбан ретінде шалуына болады. Өйткені, кедей адамның шалған құрбандығы– нәпіл құрбан. Нәпіл ғибадатта кешірім бар.
  1. Құрбан шалуда өкілдік
    Құрбандық малын мүмкіншілік болса, мойнына уәжіп болған адамның өзі шалғаны абзал. Және оның сауабы мол. Алайда өзге біреуге өкілдік беруіне де болады. Құрбан шалуы уәжіп кісі басқа бір адамды телефон арқылы немес хат сияқты жолдармен өзінің орнына басқа адамды өкіл ретінде құрбан шалуы үшін тағайындай алады. Өкілге «менің орныма құрбан алып, шал» деп айтылған уақытта, өкіл сол адамның атына құрбан алып шалады.
  2. Құрбан малы
    қалай шалынады?
  • Құрбан ретінде шалынатын малды қинамау үшін, өткір пышақ қолдану керек. Малды сою үшін жерге жатқызғаннан кейін пышақты көз алдында жалақтатып, қайрау – мәкрүһ. Ал, қинамай сою – сүннет.
  • Құрбан ретінде шалынатын мал құбылаға қарата жатқызылып, дұға ретінде мына аят оқылады:
    إنَّ صَلاتِي وَ نُسُكِي وَ مَحْيَايَا وَ مَمَاتِي لّهِلِ رَبِّ الْعَالَمِينَ لا شَرِيكَ لَهُ
    «Инна салати уа нусуки уа махиаиа уа мәмәти лилләһи Раббил ‘аламина лә шәрика ләһ»459. «Күмәнсіз менің намазым және басқа ғибадаттарым, өмірім де, өлімім де бүкіл әлемдердің Раббы Алла үшін. Оның
    еш серігі жоқ». Одан кейін:
    ألله أكْبَرُ, ألله أكْبَرُ, لا إلَهَ إلاَّ اللهُ وَاللهُ أكْبَرُ, ألله أكْبَرُ وَلِلَهِ الْحَمْدُ
    «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар лә илаһа иллаллаһу, уАллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһил-хамд» – деп, тәкбір айтып, «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар» – деп бауыздалады. Тек қана құрбанның иесінің ғана «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар» – деуі жеткілікті емес. Құрбанды бауыздаған адам да «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар» – деуі керек. Әдейі ұмытпастан «Бисмиллаһ» деп айтпаса, құрбанның етін жеуге болмайды. Өйткені, Алланың аты айтылып, бауыздалмаған малдың етін жеу – харам. Құрбанның иесі құрбанды бауыздайын деп жатқан қасаптың қолының үстіне қолын қойып, бірге ба уыздаса, екеуінің де «Бисмиллаһ» деп айтулары керек. Сойылатын мал құрбан ниетімен бауыздалу керек.
    •Малдың жаны шыққаннан кейін барып қана терісі сыпырылады. Жаны шықпай жатып басын кесіп алып тастау немесе терісін сыпыру–мәкрүһ.
  1. Құрбандыққа шалынған малдың еті мен терісі
    Бай немесе кедей болсын құрбан айтта шалған құрбандығының етін жеуіне болады. Құрбандыққа шалынған малдың етін үш бөлікке бөліп тарату –мұстахап. Бір бөлігі – туған-туыс, көршілеріне бай болса да сыйға тартылады, екінші бөлігі – кедей және мұқтаж адамдарға, үшінші бөлігі – өзінің отбасына, бала-шағасына беріледі. Бірақ шалынған малды түгелдей кедей-мұқтаждарға таратуға болатыны сияқты, түгелдей өзінің отбасына қалдыра алады.
    Құрбандыққа шалынған малдың етін, терісін, сирақтарын, басын және сүтін сату – мәкрүһ. Құрбан малының аталмыш бөлшектері сатылған жағдайда құны кедейлерге садақа ретінде беріледі. Құрбандыққа шалынған малдың терісін кедейлерге, қайырымдылық қорларына беруге болады.
    Ескерту:
    Құрбанға шалынған малдың ешқандай бөлшегінен қасаптың ақысы ретінде төлеуге болмайды.
  2. Құрбандыққа арнайы мал алып соймай, орнына сол құрбанның құнын ақшалай садақа ретінде кедейлерге
    беруге бола ма?
    Құрбандықта қан ағызу негіз болғандықтан мал сойып, қан ағызбаса, құрбандық міндеті мойнынан түспейді.
  3. Көз жұмған кісі үшін құрбан шалуға бола ма?
    Өлген кісі өзінің атына құрбан шалуды тапсырып кетпесе де, сауабын өліге бағыштау ниетімен құрбан айт күндерінде құрбан шалуға болады. Шалған құрбанының етінен жеуіне рұқсат. Бірақ өлінің тапсырып кеткен өсиетін орындау ниетімен шалған құрбанының етінен жеуге болмайды. Етін толық садақа ретінде тарату керек.

Muftyat.kz