Әр түрлі өмірлік жағдайларға байланысты алименттерді төлеу немесе сұрату қажеттілігі туындауы мүмкін. Осы мақалада алимент деген не, алиментті кім талап ете алады және кім төлеуі тиіс екенін, алименттерді талап ету тәртібі қандай, алименттердің қандай мөлшері заңнамада көзделген және алименттер төленбесе не істеу керектігін білесіздер.
Алименты – «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексіне» сәйкес, бір адамның басқа оны алуға құқығы бар адамға ұсынуы міндетті ақшалай немесе мaтериалдық асырау. Алименттердің неғұрлым таралған жағдайы – баланы асырауға төленетін төлемдер, алайда алименттер балалардың анасына және өздерін асырай алмайтын зайыбына және ата-анасына төленуі мүмкін.
Қазақ жетімі мен жесірін жылатпаған. Неге? Өйткені біздің ата бабамымыздың иманы күшті болған. Олар өмірдегі кез келген құбылысқа үлкен салмақпен қарап, байыпты шешім шығаратын.
Бүгінде өз туғанына тапқан-таянған нәпақасын беріп, алимент төлеуде әртүрлі себептерді алға тартатын немесе жауапты істің үддесінен шығуды кейінге қалдырудан шаршамайтын «көкек әкелердің» бұл өздігі қаншама аналарды жүдетіп, жүйкесін жұқартып жатқаны ащы щыңдық.
Осы ретте, өндіріп алушы 3 айдан астам уақыт алимент алмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша борышкерді қылмыстық жазаға тартуға жеке шағым білдіре алады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабына сәйкес, ата-ананың сот шешімі бойынша кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегіз жасқа толған еңбекке жарамсыз балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден 3 айдан астам уақыт әдейі жалтарғанда екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыруға жазаланады.
Бұл жерде айта кететін жағдай, баяндалып отырған бап бойынша қылмыстық іс өндіріп алушының жеке айыптау шағымының негізінде қозғалады.
Сонымен қатар, сот шешімін орындаудан жалтарып жүрген борышкерлерді Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікте көрсетілген.
Ал енді біздің негізгі қызметіміздің бірі сот шешімдерін, сот актілерін орындау болып табылатындықтан, алимент өндіру тікелей сот орындаушыларға жүктелген.
Қазіргі таңда, Жетісу облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен алимент өндіру туралы атқару құжаттары бойынша көптеген жұмыстар жүргізілуде.
Аталған санаттағы атқару өндірістері бойынша өндіріп алушылардың әрбір туындап жатқан сұрақтары жіті талқыланып олардың қойылып жатқан сұрақтары қанағаттандырылуда.
Себебі, алимент өндіру туралы атқару құжаттарының толық әрі нақты орындалуы тікелей ана мен баланың құқығының қорғалуына септігін тигізеді.
Қорытындылай келе, айтарым, алимент өндіру туралы атқару өндірісі әрқашан ерешке назарда және бақылауда, олардың нақты орындалуына бүгінгі күні барлық жұмыстар жасалуды, себебі – Әр бала бақытты болу үшін жаралған.
Е.С.Тазабеков,
Жетісу облысы жеке сот
орындаушылары өңірлік палатасының жеке
сот орындаушысы