Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтары және маңындағы аудандары, ағымдағы жылдың 19-25 маусым күндері аралығында, Тас жолдағы велосипед спортынан Қазақстан Республикасының Спартакиадасы және Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионаты өтетіндігін хабарлаймыз.

Жарыс ұйымдастырушыларына, веложарысқа қатысушылардың қауіпсіздігі өте маңызды. Велосипедшілердің қозғалысы ыңғайлы және қауіпсіз болатын жарыс жолдарын жасадық.

20.06 ~ 10:00-12:00 Талдықорған қаласы айналма жолы;
21.06 ~ 10:00-16:00 Қарабұлақ кентінен тас жолмен Текелі қаласына дейін;
22.06 ~ 10:00-16:00 Қарабұлақ кентінен тас жолмен Текелі қаласына дейін;
23.06 ~ 10:00-16:30 Қарабұлақ, Жетісу, Екпінді,Абай,Өрқұсақ ауылдарының тас жолдарында;
24.06 ~ 10:00-13:00 Қарабұлақ, Жетісу, Екпінді,Абай,Өрқұсақ ауылдарының тас жолдарында;
25.06 ~ 10:00-14:30 Қарабұлақ, Жетісу, Екпінді,Абай,Өрқұсақ ауылдарының тас жолдарында;

Спортшылар өткен соң жолдар ретімен ашылады. Біз, аймақтың тұрғындарын сіздерге 19-25 маусым күндері кестеңізді алдын-ала жоспарлап, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.