ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЖАҚСАРТУ ТУРАЛЫ: САНДАР МЕН ФАКТІЛЕР

Пандемиядан кейінгі кезеңде денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын қалпына келтіру қиындықтарына қарамастан, қазақстандықтардың денсаулығының кейбір негізгі көрсеткіштері айтарлықтай оң өсуді көрсетеді.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет халықтың өмір сүру ұзақтығы 74,4 жасқа жеткенінен бастайық. Бұл ретте денсаулық сақтаудың медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің негізгі жетістіктері пандемияға дейінгі кезеңнен асып түсті.

2019 жылмен салыстырғанда халықтың жалпы өлім-жітімі 6%-ға төмендеді, оның ішінде қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім – жітім көрсеткіші 5%-ға, обыр – 13%-ға, тыныс алу ағзаларының ауруларынан болатын өлім-жітім 24%-ға, туберкулезден болатын өлім-жітім 30%- ға төмендегені байқалады. Сондай-ақ, нәресте өлімінің 8%-ға төмендеуі байқалады.

Бұл нәтижелерге ел басшылығының денсаулық сақтау жүйесіне үнемі назар аударуының арқасында қол жеткізілгенін атап өткен жөн.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2027 жылға қарай денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру деңгейін ЖІӨ-нен 5%-ға дейін арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

ЖІӨ-нің жалпы көлеміндегі денсаулық сақтау шығыстдарының үлесі 2019 жылғы 3%-дан 2022 жылы 3,7%-ға дейін өсті.

МСАК ДАМЫТУ — ПРОФИЛАКТИКАҒА БАСА НАЗАР АУДАРУ

МСАК ұйымдары желісінің кеңеюімен олардың ауылдық жерлерді қоса алғанда, халық үшін қадамдық қолжетімділігі жақсарды.  Бүгінгі таңда амбулаториялық-емханалық ұйымдардың жалпы саны 3 324-ті құрайды, олардың саны 3,7%-ға өсті. 

Сондай-ақ, күн сайын 570 мыңнан астам пациент МСАК ұйымдарына барады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 15%-ға артық.

3 жылдың ішінде МСАК шығыстары 1,5 есе өсті, бұл денсаулық сақтаудың жалпы бюджетінің 34,3%-ын құрайды. 2025 жылға қарай МСАК шығыстарын 2 есеге жуық ұлғайту және денсаулық сақтауды қаржыландырудың жалпы көлемінің 60%-на дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл ретте шығыстар негізінен республика халқының денсаулығын сауықтыру және қолдау мақсатында профилактикалық шараларды ұлғайтуға және күшейтуге бағытталатын болады. 

Жыл сайын МСАК қызметін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ұлғаяды.  2022 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін нозологиялар тізбесі 3,6 млн. адамды қамти отырып, 224,6 млрд. теңге сомасына 126-ға дейін кеңейтілді.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде МСАК-тың үлкен ұтқырлық және халықтың кең ауқымына қолжетімділігін қарай жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді және іске асырылуда.

9 бағыт бойынша консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз жүзеге асырылады.

Онкологиялық және гематологиялық ауруларға күдік туындаған жағдайда тексеру мен емдеуді жеделдету үшін «Жасыл жол» енгізілді.

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңіріне мүше 53 мемлекет үшін халыққа озық тәжірибелер көрсету бойынша әлемдегі алғашқы МСАК көрсету алаңы ашылды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған пациентке бағдарланған МСАК ұйымдарының үздік тәжірибелері таратылуда.

Бұл алаң ДДҰ Еуропалық аймағының үш елінде: Қазақстан, Испания және Швецияда бастамашылық жасалған.

ТУҒАНЫНАН БАСТАП ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚПЕН  ҚАРАУ

Мемлекет жыл сайын ана мен бала денсаулығын сақтау бөлігінде ұстанымын күшейтеді.   Босандыру қызметінің үйлесімді жұмысының арқасында өткен жылы елімізде 403 мың бала аман-есен дүниеге келді. Қаржылық қамтамасыз етуге келетін болсақ, босандыру сапасын жақсарту үшін қалыпты босандыру құнының тарифі 30%-ға көтерілді.

Мемлекет басшысы тапсырмаларының шеңберінде жыл сайын ЭКҰ-ның 7 мың рәсімін өткізуге қаржы бөлінеді. Екі жылдың ішінде арнайы бағдарламаны іске асыру шеңберінде 14 мың әйелге ЭКҰ өткізілді, 6 мыңнан астам әйелде жүктілік басталды, 4 мыңға жуық  нәресте дүниеге келді, ЭКҰ-дан кейін 3 мыңға жуық жүкті әйел көптен аңсаған  балалардың туылуын күтуде.

Әр түрлі өңірлерде 18 ұрықты сақтау орталығы ашылды. Нәтижесінде біз жүкті әйелдерді пренаталдық скринингпен қамтудың серпінді өсуін көріп отырмыз — 6%-ға, жалпы көрсеткіш 79%-ға жетті. 

«Қамқорлық» бастамасы табысты іске асырылуда, бүкіл ел бойынша 15 оңалту орталығы және 11 ерте араласу орталығы ашылды. Балаларды медициналық оңалтумен қамту 2019 жылғы 18%-дан 2022 жылы 30%-ға дейін өсті. Сонымен қатар, баланы дамыту кабинеттерінің желісі 600-ден 1500-ге дейін кеңейтілді.

Алдағы үш жылда заманауи жабдықтармен жабдықталған 13 заманауи перинаталдық орталық салу жоспарлануда.

Жыл сайын 1,5 миллионнан астам бала скринингпен қамтылады, 5 миллионнан астам бала профилактикалық тексеруден өтеді.

Балалардың кардиохирургиялық көмегі табысты дамуда, жылына туа біткен жүрек ақауы бар балаларға 2 мыңға дейін операция жасалады.

Балаларға онкологиялық көмекті жетілдіру шеңберінде бірегей технология – балалардағы ретинобластома кезіндегі селективті артериялық химиотерапия енгізілді.

Сондай-ақ, онкогематологиялық патологиясы бар балалардың 5 жылдық өмір сүру деңгейі 75%-ға жетті.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасында ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамытудың 2024 – 2030 жылдарға арналған «Әрбір әйел – әрбір бала» Тұжырымдамасының жобасы әзірленді.

ШАЛҒАЙДАҒЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН МЕДИЦИНА

Шалғайдағы ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту үшін көліктік медицина ұйымдастырылды. Республикада диагностикалық қызметтер мен мамандардың кең бейінін ұсынатын 150 жылжымалы медициналық кешен мен «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы жұмыс істейді. Жыл сайын ауылдың 1,5 млн. астам тұрғыны қамтылып, 300-ден астам медициналық қызмет көрсетілді.

Сонымен қатар, 2022 жылы ауыл тұрғындары үшін профилактикалық тексерулер енгізілді. Туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі «Балалар», 18 жастан бастап 29 жасқа дейінгі «Жастар», 30 жастан бастап 44 жасқа дейінгі «Еңбек-1», 45 жастан бастап 65 жасқа дейінгі «Еңбек-2» және 66 жастан асқан «Зейнеткер» сияқты санаттар бойынша нысаналы топтар анықталды. Тексерілген 838 мың ауыл тұрғынынан 29 мыңға жуық адам динамикалық бақылауға алынды, оларда жоғары қан қысымы, қант диабеті, бүйрек патологиясы белгілері анықталды.

Ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін 2022 жылы денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі қайта қаралды. Ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін өткен жылы 107 МСАК объекті пайдалануға берілді.

Ауыл тұрғындары үшін медициналық көмекті жақсарту үшін мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауылдағы медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға арналған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы іске асырылуда.

Қазіргі уақытта өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп 655 МСАК объектісінің құрылысын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның ішінде 253 – медициналық пункт, 160 – дәрігерлік амбулатория және 242 – фельдшерлік-акушерлік пункт, сондай-ақ 32 көпбейінді аудандық орталық аурухананы жаңғырту.

Бұл ауруханаларда инсульт және кардиология, ПИК орталықтары, реанимация және қарқынды терапия, аз инвазивті хирургия, травматология және оңалту бөлімшелерін ашу жоспарлануда. Сондай — ақ КОАА-ны заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандыру, оның ішінде-КТ, МРТ, ангиограф, сараптамалық сыныптағы УДЗ, медициналық оңалтуға арналған эндоскопиялық, реанимациялық жабдықтар және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген.

БІР ЖЫЛДА 800 МЫҢҒА ЖУЫҚ, ОНЫҢ ІШІНДЕ 2 МЫҢНАН АСТАМЫ КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ

Өткен жылы стационарлық деңгейде 800 мыңға жуық операция жүргізілді, оның 2 168-і қымбат жоғары технологиялық санатқа жатады.

Қанайналым және жүрек жүйесінің ауруларымен күресу үшін республикада жіті коронарлық синдромы бар науқастарға көмек көрсету үшін 75 инсульт орталығы және 42 тері арқылы коронарлық араласу орталығы жұмыс істейді.

Қазақстанда Орталық Азияның алғашқы елдерінің бірінде «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ базасында орталық нерв жүйесінің ауруларын емдеудің озық радиохирургиялық әдісі болып табылатын Гамма-пышақ орталығы ашылды. Бұған дейін мұндай пациенттер шетелге жіберілген болатын, бүгінде елімізде осы аппараттың көмегімен 900-ден астам күрделі нейрохирургиялық операциялар жүргізілді.

Сондай-ақ, 2021 жылы Алматы қаласында Томотерапия орталығы ашылды, онда бүгінде 786 пациент емделді. Семей қаласында Ядролық медицина және онкология орталығы пайдалануға берілді, онда радиоиодтерапия, электрохимиятерапия, химиоперфузия, ПЭТ диагностикасы сияқты технологиялар сәтті қолданылып, 1 142 пациент емделді.

Мемлекет басшысының онкологиялық қызметті жаңғыртуға қатысты тапсырмасын орындау үшін Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күресудің 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспардың жобасын әзірледі.

Донорлық ағзаларды трансплантаттау қызметін дамыту жалғасуда. Жоғары білікті мамандары бар 6 заманауи мамандандырылған трансплантаттау орталығы бар. 2012 жылдан бастап елімізде 2 371 трансплантаттау жүргізілді, оның ішінде жүрек – 88, бүйрек – 1 752, бауыр – 451, өкпе – 19. Трансплантатаудан кейінгі пациенттердің өмір сүру деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес келеді.

КӘСІПТІК МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА МАРАПАТТАУҒА 2 449 МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ ҰСЫНЫЛДЫ

Денсаулық сақтау саласында барлық ведомстволарды ескере отырып, 270 мың медицина қызметкері, оның ішінде 79 мың дәрігер, сондай-ақ 191 мың орта медицина қызметкері жұмыс істейді.

Жоғары білімі бар денсаулық сақтау кадрларын даярлауды 8 медициналық ЖОО және көп бейінді ЖОО құрамында 7 факультет жүзеге асырады. 2022-2023 оқу жылына білім алушылар контингенті 64 мың адамды құрайды.

2022 жылы 7450 шығарылды, оның ішінде білім деңгейлері бойынша: бакалавриат – 400, интернатура – 4420, резидентура – 2100, магистратура – 380, докторантура – 150.

Жыл сайын «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша мемлекеттік тапсырыс бөлінеді: бакалавриат – 2700, резидентура – 1500 (2023 – 2025 жж.2500 дейін), магистратура – 325, докторантура – 160 орын.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020-2023 жылдар аралығында жыл сайын медицина қызметкерлерінің жалақысы: дәрігер 30%-ға, орта медицина қызметкерінің жалақысы 20%-ға артады.

«Аманат» партиясының депутаттары ауылға келген жас мамандарға көтерме жәрдемақыларды кезең-кезеңімен 10 млн.теңгеге дейін ұлғайту бастамасын қолдады.

Медицина қызметкері күні қарсаңында Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен (2023 жылғы 2 маусымдағы №112) марапаттауға 2 449 медицина қызметкері мен 9 медициналық өндірушісі ұсынылды. Сондай-ақ, 9 салалық қауымдастық Денсаулық сақтау министрінің атынан Алғыс.

gov.kz