Құрметті Ескелді ауданының тұрғындары.
Өрт- тілсіз жау. Бұл апаттан алдын ала сақтанбасақ орны толмас өкініштерге тап болатынын әрбір саналы адам мойындайды. Ескелді ауданының өртке қарсы қызмет бөлімінің қызметкерлеріне үлкен міндеттер жүктелген. Олар аудан көлеміндегі ұжымдық серіктестерді және шаруа қожалықтары мен мекемелерді аралап, өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін кеңінен түсіндіреді және қатаң бақылайды. Өрттің шығуы адамдардың өз кінәләрінен болады. Тұрмысымызда газ плитасын қолданғанда дұрыстап қарап, дұрыс емес деген жерлерін, газ мамандарына көрсетіп дұрыстатып алуларыңыз қажет. Балаларды үйге өз еркімен тастамаңыздар, балалардың істеген ісін шалағайлықпен бітіретінінде білеміз бірақ сондада балалардың ісіне көңіл бөлмейміз. Балалардың шалағайлығынан ауданымызда жылда өрт оқиғасы тіркелуде.Балалардың абай болуын ескерту ата-аналардың міндеті.
Қ. Әшімов,
Аудандық ТЖБ инженері