Әр мемлекеттің астанасы бар. Біздің астанамыз – Нұр-Сұлтан қаласы. Астанамыз бүкіл Қазақстан елінің жетістігі мен жемісі. Бұл жеңіс пен жетістік бізге оңай келген жоқ. Мемлекетіміздің символына айналған қаламыздың бүгіні мен кешегісі үлкен тарих. Бір тұтатс Мемлекет болу үшін қаншама тер мен еңбек төгілді. Кешегі тарихына сүйенсек, «Астана» сөзі негізінен парсы сөзі, қазақша түсінігі астана — табалдырық, босаға, кіреберіс, сарайдың қақпасы, салтанатты орда есігі деген ұғымдарды білдіреді. Міне, мағынасының өзі терең. Ал бүгінгі атауына жүгінсек, Нұр-Сұлтан. Мемлекетті қалаған тарихи тұлға-тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі берілген. Жақсының жақсылығын айт –нұры тасысын деген. Халқы қалап, жұрты қолдап, еңбегін елеп есімін беріп отыр.
Елге қылған жақсылық,
Еленбей қалмайды.
Еңбек еткен ерінбей —
Кенелмей қалмайды, — қаншама ой жатыр, түсінген адамға. Тарихына үңіліп, тереңінен жазсақ, ой бітпес. Бүгінде аяғына нық тұрған мемлектіміздің басқару құрылымы да жаман емес. Әр нәрсеге қанағат етіп, жақсы жағынан қарап, адал еңбек етсек нұр үстіне нұр болар. Бүгінгі Астана – асыл тастан тұрғызылған асқақ қала. Ерке Есілдің жағасында орналасқан, жаңа ғасыр ғажабынан жаралған ертегідей елорда, әлемдегі ең жас қала. Кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер, үкілі үміт, көркею, тәуелсіздік көрінісінің нышаны. Астана шаңырағы әлі де шарықтай түспек. Жаңа астананың келешегі толығымен XXI ғасырдың еншісінде. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас буындар.
Нұр-Сұлтан – Қазақстанның астанасы. Ал, Қазақстан – Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет.Тарихқа бай Сарыарқаның ұлан-байтақ жерінде, қазақ жерінің қасиетті орталығында мемлекетіміздің жаңа астанасының бой көтеруі, жаңа бір мәдени-ғылыми, саяси ортаның шоғырлануы, Отанымыздың көркем, сәулетті, қуатты орданың дүниеге келуі – игіліктің нышаны деп білеміз. 1830 жылдың өзінде Есіл өзені бойындағы Қараөткел тұсында Астана қаласының ең алғашқы іргетасы қаланған болатын. 1832 жылы Ақмола ішкі округі ресми түрде жарияланды. Сосын Орынбор орталығымыз болды. Ал 1925 жылы Қазақстанның орталығы Орынбордан Ақмешітке көшірілді. 1929 жылдары Верный (Алматы) қаласына көшірілді. Содан соң Ақмола қаласы Астана болып 1998 жылы жарияланды. Ел жүрегі болып саналатын «Ару қала», «Әсем қала», «Бас қала» атанып жүрген мемлекетіміздің елордасы – Нұр-Сұлтан қаласы. Қалаға серуендеп тамашалауға келген әрбірінің көңілінде ерекше бір сезім мен толқыныс, асқақ мақтаныш пен сарқылмас ән тербеліп жатады десек қателеспеген болар едім.
6 ғасырлық Астана. Бозоқтан Нұр-Сұлтанға дейін
Арқа төсіндегі Ақмолаға ел астанасы ауысқан 1997 жылға дейін де осы жерде ғасырларға созылған қалалық мәдениет болды. Елбасының «Еуразия жүрегінде» атты еңбегінде Ақмола қаласы тарихының өрлеу кезеңдері сөз болады. Бірінші өрлеу кезеңі қазіргі Астана қаласынан бес шақырым жерде орналасқан ортағасырлық Бозоқ қаласының гүлдену кезеңімен байланыстырылады. Бозақ қаласы Қыпшақ хандығының астанасы болған. Осы аумақ арқылы ХVІ ғасырда Сібір – Орта Азия керуен жолы өткен. Тағы бір еңбегінде «Ортағасырлық Бозоқ қаласын Ақмоланың түпкі атасы деп санауға болады, ал, оның соңғы мұрагері қазіргі Қазақстанның астанасы – Астана қаласы» екені айтылады. Астана қаласының маңына орналасқан Бозоқ қаласының орны 1998 жылы анықталып, 1999 жылы Есіл археологиялық экспедициясының жетекшісі, танымал ғалым Кемал Ақышев бастаған археологтардың осы жерде алғаш рет қазба жұмыстарын жүргізгені белгілі. Түркі ұғымында «боз» сөзі «боз дала», «ақ селеулі құтты қоныс» деген мағынада түсіндіріледі. Бозоқ қаласы VІІІ-ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген, бірнеше кезеңдерден тұрады. Ал ХІV ғасырдан бастап Бозақ қаласы Нұра-Есіл аймағының исламданған элиталы рухани орталығы болған. Нұр-Сұлтанның байырғы қала екенінің бір дәлелі ескіден келе жатқан ғимараттар. Ең ескі құрылыстары қаланың өз ішінде, оның ең мықты ескерткіші қазіргі Сине-Темпоре, бұрынғы Керуен сарай. Қай жерде болса да тұрғындардың бірінші салатыны сауда орны мен құлшылық орын, яғни Керуен сарай мен Мешіт. 1832 жылдары орыстар салған бекініс-қорғанның алдынан, қазіргі Иманов пен Республика көшелері қиылысқан жерден Қоңырқұлжа сұлтан көтерді дейтін ескі мешіттің де тарихы көне дәуірге барады. Оған қоса Астана қаласының ең бір көрнекті көшелерінің бірі Абай көшесі екені белгілі. Осы көшені бойлап қаланың ескі орталығына жақындасаңыз оң жағыңыздан биік қызыл кірпіштен қаланған бағандары бар шарбақ, биік қақпа кездеседі. Бұл заманында Жасыл мешіт немесе Татар мешіт аталған құрылыстан қалған қалдық.
Нұр-Сұлтан қаламыз болашақтың, жастардың қаласы
Нұр-Сұлтан қаласы ең алдымен, жастар қаласы. Елорда тұрғындарының санын еліміздің барлық аймақтарынан білімге талпынып, жұмыс іздеп, арман қуып келген жігіттер мен қыздар еселеп өсіруде. Олардың бір-бірімен танысып, жүректері табысып, шаңырақ құрып жатқаны еліміз бен қоғамның іргетасын нығайтып жатқанының белгісі. Нұр-Сұлтанның бүгінгі ажарын жастардың кескін-келбет, бет-бейнесі, өмір салты, армандарымен салыстыру ләзім. Екеуіне де жастық жігер, албырттық, талпыныс, жаңаша ойлау еркіндігі, сұлулық пен сымбат тән. Нұр-Сұлтан – болашақтың қаласы, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы болып табылатын жас қала, баршамыздың арман қаламыз. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. әртүрлі тарихи тағдыр тауқыметімен елімізге табан тіреген өзге халықтардың да мекені. Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласы — біздің ортақ шаңырағымыз. Нұр-Сұлтан қаласы өзінің жаңа тарихында өзге ұлттарды ғана емес, бүкіл адамзатты бейбітшілік пен келісімге шақырып отыр және шақыра бермек. Еуразия жүрегінде орналасқан Нұр-Сұлтан қаласының жаңа тарихы – бұл тәуелсіздік тарихы, бұл мемлекеттілік тарихы, бұл ұлттық тарих. Ал Нұр-Сұлтан қаласының құрылысы — төл тарихымыздың жаңа беттерін құрайды. 22 пайызы жастар болып табылатын қаланың Үштен бір бөлігі бизнеспен айналысатынын да айта кету керек.
Бүгінде Нұр-Сұлтан –бұл Қазақстанның жаңа тарихы жинақталған орын. Астананың мысалы арқылы біздің бүкіл мемлекетіміздің дамуы туралы пікір түюге болады.
Қазақстаным — жайлы мекенім,
Сенде өстім білмей қайғы не екенін.
Шалқар мейірің, дархан пейілің —
Сеземін шексіз байлық екенін.
Қазақстаным, жанашыр елім,
Көзімнің мөлдір қарашығы едің.
Жаңбыры — жауһар, ауасы — керім,
Атамекенім дәл осы менің!
Ұлы Атамекеннің бүгінгі тыныс-тіршлігі, мемлекет басшысы –Қасым-Жомарт Кемелұлында. Президент болып сайланғаннан бері, халыққа берері мен қолдауы көп. Мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында астанамыз Нұр-Сұлтан қаласыда қарыштап даму үстінде. Құлағанды тұрғызып, жылағанның көз жасын сүрткен басшымыз, жастарды қолдаудағы еңбегі ерен. Әрбір жастар мемлекеттің құламай, алдыға қарай дамуына үлес қосу басты парыз. Астанамыз мәңгі жасап, қарыштай беру біздің қолда. Жаңа Қазақстанның іргесі асқақ, еңсесі биік болсын!
Д. Дауренқызы