Сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимылдағы басымдықтар денсаулық сақтау қызметкерлерімен талқыланды

Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік қызметшілерімен және оның аудандық бөлімшелерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті басшысының облыс бойынша бірінші орынбасары Тимур Темірәлиев Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды және қолда бар жекелеген нәтижелерді атап өтті.
«Біздің азаматтарымыздың әл-ауқатының тірегі ретінде медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына елеулі бюджет қаражаты бөлінеді және осы қаражаттың ұтымды игерілуіне бақылауды күшейту қажет», — деп атап өтті Департамент басшысының бірінші орынбасары.
Осыған байланысты қатысушылардың назарына а.ж. 3-тоқсанында денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу жоспарланып отырғанын жеткізді.
Ішкі талдау жүргізу, оның ішінде бюджет қаражатының жұмсалу аудитіне баса назар аудару ұсынылды.
Бұдан басқа, спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі үрдістері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы соңғы новеллалар туралы хабардар етті (2023 жылғы 3 қаңтарында Мемлекет басшысы бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістерді).
Кездесу соңында Антикор өкілі негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы келіп түскен телефон хабарламаларына жедел ден қоюды қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтарды тегін консультациялық қолдау болып табылатын Агенттіктің 1424 Колл-орталығы жұмысының басымдығын атап өтті.