Бұқаралық спорт –ұлт саулығының кепілі

Білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы. Олай болса, балалар мен жасөспірімдердің оқумен қатар, өнер үйреніп, спортпен шұғылданып, жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің мойнындағы борышы. Сол себепті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Президент ретіндегі алғашқы Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне назар аударған болатын. Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету міндеттелген. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз.
Президенттің осы тапсырмасын орындау мақсатында «Дене шынықтыру мен бұқа¬ралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған ке¬шенді жоспар» әзірленіп, ол Үкіметтің қау¬лысымен бекітілгені мәлім. Осы жос¬парға сәйкес, мемлекет-жекеменшік әріп¬тестігі аясында балалар мен жасөс¬пірімдерге арналған спорт секцияларына жан басына қаржыландыру жүйесі енгізілді.
Алматы облысы әкімінің орынбасары А.Дәндібаевтің 2021 жылғы 01 қазандағы №17798 қызметтік жазбасына сәйкес, Ескелді ауданы әкімінің 2021 жылдың 15 қарашасындағы №268 қаулысына сәйкес, «Ескелді ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің «Ескелді ауданының бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» коммуналдык мемлекеттік мекемесі құрылды.
Аталған мекеме 2021 жылдың 26 қараша күні ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ Алматы облысының Әділет департаменті Текелі қалалық ауданаралық әділет басқармасында тіркелді.
Ескелді ауданы әкімінің 2021 жылғы 22 қарашадағы «Ескелді ауданының мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» №271 қаулысы, Ескелді ауданы әкімінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы «Ескелді ауданының мемлекеттік мекемелерінің және кәсіпорындарының кейбір мәселелері туралы» №10 қаулысына сәйкес, «Ескелді ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ескелді ауданының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып атауы өзгертілді.
2022 жылдың 21 қаңтарында Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Алматы облысының Әділет департаменті Текелі қалалық ауданаралық әділет басқармасы арқылы жаңа атаумен қайта тіркеуден өтті.
2022 жылдың 21 қаңтар күні «Ескелді ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ескелді ауданының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып аталуына байланысты мекеме басшысы №4 ж/қ бұйрығымен қайта тағайындалды.
Қазіргі таңда, «Ескелді ауданының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 18 бірлік. (1 бірлік мекеме басшысы, 1 спорт әдіскер, 16 спорт-нұсқаушы).
Ескелді ауданының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы ашылғаннан, осы уақытқа дейін 2 халықаралық, 3 республикалық, 9 облыстық, 33 аудандық, 146 ауылдық округтерде спорттық іс-шаралар өткізілді. Осы өткізілген спорттық іс-шараға 9224 спортшы қамтылды.
Халықаралық, республикалық, облыстық деңгейде өткен спорттық іс-шараларға ауданымыздың спортшылары қатысып жүлделі орындарға ие болып жатыр. Атап айтсақ Алматы облысының 90 жылдығына арналған ұлттық ат спорты жарысынан жүлделі-2 орын, Мемлекеттік қызметкерлер арасында шағын футболдан жүлделі-1 орын, Балалар жылына арналған Жетісу облысының ауыл жасөспірімдерінің жазғы спартакиадасында жүлделі-1 орын иеленді және т.б. жетістікттер көп.
Ескелді ауданының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының спорт-нұсқаушыларынан құралған футбол командасы облыстық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр, соның бірі Еңбегі сіңген жаттықтырушы Н.Баяхметовты еске алуға арналған облыстық чемпионатта 3 орын иеленді.
Кадр бөлімінің маманы-Омарова Гульнур Бекбергенқызы, спорт нұсқаушы-Қалияқпар Сандуғаш 28.11-02.12 2022 жылы Астанада өткен «Ауыл алаңынан-Олимпиада тұғырына» атты Республикалық І конференция және «Үздік нұсқаушы» байқауына қатысып, арнайы сертификатпен марапатталды.
Ауданымыздың атын Республика, облыстық деңгейде шығарып жүрген бокстан Азия чемпионы-Егінбайқызы Құралай, ұлттық спорт бәйгеден Республикалық жарыстардың чемпионы, жас шабандоз-Марланұлы Хамза және т.б спортшыларымыз жетерлік.
Спорттың адам денсаулығына оң әсері дау туғызбайды, ол әлдеқашан дәлелденген. Бұқаралық спорт кең қанат жайған сайын ұлт болашағына да сенімді боламыз. Дені сау әрбір тұрғын мемлекетіміздің дамуына өз үлесін қоса алады. Сол себепті бұл мәселе басымдыққа ие болып отыр. Алдында айтқанымыздай, үкімет тарапынан түрлі шешімдер қабылданып, бұқаралық спортты дамытуға талпыныстар жасалуда. Бұл аздық етеді, себебі қоғам жағынан қолдау таппаса іс нәтижелі болмайды. Қоғамның әрбір мүшесі осыны жете түсініп, белсенділік көрсетсе деген тілек бар. Сонда ғана ұлтымыздың дені сау, жемісті еңбек етіп, спорттық жоғары жетістіктерге жететін боламыз.

Диана Дауренқызы