Бүгін «Ауыл аманаты» партиялық жобасы аясында Ескелді аудандық мәслихат депутаты Құрманғалиев Айдын Талғатұлы Ақынсара ауылының тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында ауыл тұрғындарына жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын жеңілдетілген несие жөнінде толығырақ ақпараттар айтылып, кеңестер берілді.
«Ауыл халқының табысын арттыру үшін шағын несиемен қамту бюджеттік бағдарламасы шеңберінде Жетісу облысына ағымдағы жылға республикалық бюджеттен 3,2 млрд. теңге бөлінді. Несиелеу мерзімі: мал шаруашылығына –7 жылға, ал басқа бағыттарға – 5 жылға дейін беріледі (Тұрғын-үй құрылысы, жөндеуі және сауда-саттыққа шектеу). Жеңілдік мерзімі – несие ұзақтығының үштен бір бөлігін құрайды (Мысалға, 3 жылға алса 1 жыл сыйақыны және негізгі борышын өтемейді). Жалпы ағымдағы жылға бөлінген қаражатқа 30 ауылдық округтен 562 үміткердің тізімі 3,3 млрд. теңгеге ұсынылған. Бағдарламанының үйлестірушісі – ауыл шаруашылығы басқармасы болып табылса, жергілікті жерде оны нақты іске асыруға — ауылдық округтердің әкімдері, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдері мен аудан/қала әкімдерінің орынбасарлары жауапты. Бағдарлама ауыл халқын нәтижелі жұмыспен қамтып, ауыл бизнесін дамыту арқылы тұрғындардың табысын арттыруды көздейтіндіктен бұл жұмыс жалғастырылып, тұрақты бақылауға алынған», -деді Айдын Талғатұлы.
«AMANAT» партиясы Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп іске асырып жатқан «Ауыл Аманаты» жобасының мақсаты-ауыл тұрғындарына табысын, әл-ауқатты мен өмір сүру сапасын арттыруға көмектесу, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын агробизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу болып табылатындығы жеткізіліп, аталған жоба бойынша келген Ақынсара ауыл тұрғындарына қойлыған сұрақтарына толғандырған сұрақтарына жауап берілді.