Шымыр ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты тәрбие сағаты өтті. Шараға М.Маметова атындағы шағын орталықтың «Жұлдыз» тобы қатысты.
Шараның мақсаты – «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын- сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
Балаларды қорғау дегеніміз — әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Тәрбие сағатының барысында оқушылар өздері арнайы дайындаған тақпақтарын жатқа айтып, танымдық сұрақтарға жауап берді. Ауылдық кітапхана меңгерушісі балаларға жалпы 1-маусымның айтулы дата екенін түсіндіріп, кітапханадан алып оқуға болатын ертегі кітаптарға таныстырылым жасады. . Бұлтсыз күн, ашық аспандай, нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен, олардың жүректерін қайғы-мұң шалмаса екен.
Ұ.Батырбаева,
Шымыр ауылдық
Кітапханасының меңгерушісі