31 мамыр — саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бұл дата елімізде 1997 жылдан бері тұрақты түрде аталып өтуде.
Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау, заңсыз қудаланған азаматтардың құқығын қалпына келтіру жұмыстары Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін басталды. Яғни 1993 жылы 14 сәуірінде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданды. 1997 жылы Қазақстанның сол президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды.
Сонымен қатар 31 мамыр – ашарлықта қаза тапқандарды еске алу күні. 1921 – 1933 жылдары аралығында (1921-1922 және 1932-1933 жылдары) қазақ даласы бір емес екі мәрте ашаршылыққа ұшырады. Бұл халқымыз үшін орны толмас нәубат әкелді. Әсіресе, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық ХХ ғасырдағы адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған трагедия болды. Әрине, бірінші ашаршылық та сұмдық болды. Бірінші ашаршылық 1919–1922 жж. болған. Осы жылдары аштық кезінде 1,5 млн жуық адам шығыны болды. Екінші аштық – екі жарым миллион адамның өмірін жалмады. Кейбір зерттеушілер қазақ халқы екі емес үш бірдей аштықты бастан өткергенін айтады. Айтуынша, үшінші аштық екінші дүние жүзілік соғыстан кейін басталған.
Яғни, Қазақстандағы ашаршылықты мынадай үш кезеңге бөліп қарастырды:
1919 — 1922 жылдардағы аштық (1,5 млн адам)
1931 — 1933 жылдардағы аштық (2,5 млн адам)
1946 жылдары болған аштық.
Бұл үшінші ашаршылық соғыстан кейінгі еліміздегі экономикалық ахуалдарға байланысты болды. Нақты адам шығыны әлі белгісіз. Өйткені, алдыңғы екеуі секілді бұл ашаршылық та халықтан өте құпия түрде ұстады. Бүгінгі зерттеулер аштық салдарынан халқымыздың жартысынан астамы қырылып қалғанын көрсетіп отыр. Ал 200 мың қазақ басқа мемлекеттерге көшіп кетті.
ҚазОАК-нің төрағасы Сейітқали Мендешевтің 1922 жылғы 8 шілдеде КазОАК-нің III сессиясында жасаған баяндамасында осы жылдың көктемінде алынған толық емес деректер бойынша қазақ жерінде аштыққа ұрынғандар саны 2 миллион 832 мың адамға жеткені айтылады. Ал 1920 жылдың соңында халық саны 4 миллион 781 мың 263 адам болған. Оның 50,3%-і — қазақтар, 31,2%-і — орыстар, 14,4%-і — украиндар.
Жаппай қуғын-сүргін салқыны да қазаққа оңай тиген жоқ. КСРО республикаларында репрессия 1928 жылдан басталды. Қазақ елінде алдымен Алаш қайраткерлері тұтқындалды. Оларға «ұлтшыл» деген айып тағылды. Салдарынан Әлихан Бөкейханов, Жақып Ақбаев, Әлімхан Ермеков, Санжар Асфендияров, Ахмет Байтұрсынов, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Абдулла Розыбақиев, Тұрар Рысқұлов, Мұхамеджан Тынышбаев, Ілияс Жансүгіров және тағы басқа зиялылар ату жазасына кесілді.
Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады. 25 мыңнан астам адам ату жазасына кесілді. Олардың арасында ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері, дәрігерлер болды.
Репрессия жылдары Қазақстанға 800 мың неміс, 102 мың поляк, 19 мың корей, 507 мың Солтүстік Кавказ елдерінің өкілдері күштеп жер аударылды. Солармен бірге қырым татарлары, түріктер, гректер, қалмақтар мен басқа да ұлт өкілдері көшірілді. Жалпы деректерге сенсек, сол аралықта 1 миллион 500 мың адам жер аударылыпты.
Осылайша, аз уақыттың ішінде қазақ даласы лагерге айналып шыға келді. Қазақстанда АЛЖИР (отанына опасыздық жасағандардың әйелдері қамалған Ақмола лагері), Карлаг (Халықтық ішкі істер комиссариатының Қарағанды еңбекпен түзеу лагері), Степлаг (саяси тұтқындарға арналған лагерь) арнайы лагерьлері құрылды. Бұл лагерлерге қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да тоғытылып жатты.
Кезінде Ақмола қуғын-сүргіннің нағыз орталығы болды. Талайдың өмірін тозаққа айналдырған 953 лагерьдің үшеуі еліміз аумағында құрылды. Осындағы атынан адам шошырлық АЛЖИР лагері КСРО-дағы әйелдер қамалған жалғыз азаптау орны болды. Әрі бұл лагерь ең ірі лагерь саналды. Мұнда 30 мыңдай әйел жазасын өтеді (62 ұлт өкілі болды). Талайдың тағдырын тәлкек еткен бұл тозақ орны КСРО ішкі істер халық комиссариатының бұйрығымен 1937 жылы 15 тамызда Ақмола қаласының жанындағы Төңкеріс (Малиновка) елді мекенінде құрылды. «АЛЖИР» лагері 30 га жерді алып жатты. Оның Қарағанды және Ақмола облыстарында бірнеше бөлімшелері болған. Лагерьдегі әйелдер тәулігіне 18-20 сағат жұмыс істеген. Олар лагерь жанындағы «Жалаңаш» көлінен қамыс шауыпты. Олар күніне 40 бау қамыс жинауы керек болған.
Дереккөздер бойынша, елімізде 1937-38 жылдары, яғни бас-аяғы бір жылдың ішінде 125 мың адам тоталитарлық режимнің құрбаны болған екен. Солардың 22 мыңы өлім жазасына кесіліпті. Жалпы, 1921 жыл мен 1954 жылдар аралығында бұрынғы КСРО-да 3 миллион 777 мың адам жазықсыз сотталып, оның 642 мыңы атылды. Дәл осы тұста Тұрар Рысқұлов, Әлихан Бөкейханов, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Абдулла Розыбакиев, Магауи Масанчи, Ілияс Жансүгіров, Левон Мирзоян, Сәкен Сейфуллин, Санжар Асфендияров, Халел Досмұхамедов пен Жаһанша Досмұхамедов қатарлы қазақ зиялылары, мәдениет қайраткерлері жазықсыз атылды.
Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасында Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Осылайша «халық жаулары», «ұлтшылдар», «исламшылар», «түркішілдер», «жапония тыңшылары» және т.б. желеулермен қазақтың бас көтерген зиялыларынан бастап, қарапайым еңбек адамдары да жазықсыз саясаттың құрбандығына шалынды. Қазақ зиялыларының әйелдері де бұл жазадан тыс қалмады. Күйеуінен бас тартпаған әйелдерді қамаған. Бұл лагерь «Алжир» деген атпен тарих беттерінде қалды.
Осының салдарынан ұлт зиялылары – Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мағжан Жұмабаев, Халел Досмұханмедов, Жаһанша Досмұханмедов, Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиндер сталиндік саясаттың құрбанына айналып, атылып кеткен болатын.
Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы сәуірдің 14-інде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданады.
Жыл сайын Қазақстанда 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде аталып өтіледі және қазақ халқының ұлттық сана-сезімі тұрғысынан маңызды күн болып табылады.
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қазақ халқының өткенін тағы бір мәрте еске алуға, қаза тапқан батырлардың рухына тағзым етіп, тәуелсіздігімізді бағалауға септігін тигізеді.
Қазақ халқының мүддесін қорғайтын зиялы қауымының тұтас бір ұрпағы қуғын-сүргін кезінде жойылды деуге болады. Қазақ халқының жартысынан көбі ашаршылықта қырылды, бұл оқиғаларды ел ұмытпайды. Бұл бір жағынан халық арасындағы ұлтжанды, зиялы қауымды жою, сол арқылы халықтың ұлттық болмысы мен бірлігіне соққы беру, екінші жағынан халықты тікелей жою әрекеті еді.
Иосиф Сталин басқарған жылдары қазақ халқының зиялы қауымы халық жауы болып жарияланып, қысымға, қуғын-сүргінге, қанды қырғынға ұшырады. Осы саясаттың аясында 100 мыңнан астам адам жер аударылды, 25 мыңнан астам адам өлім жазасына кесілді.
Әлем әдебиетінде «Үлкен террор» атанған КСРО-дағы қуғын-сүргін кезеңін Қазақстанда да ұмыту мүмкін емес. 1993 жылы Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылданды. 340 мың адам сауықтырылды.
1997 жылы 31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды.
Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы болып қабылданған заңдардың бірі де осы – «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң еді. Аталған заң 1993 жылы 14 сәуірде қабылданды.
1918-1933 жылдар аралығында Қазақстанда әртүрлі мәліметтер бойынша 3 миллионнан астам адам қаза тапты. Оның ішінде 1931-1933 жылдар аралығында 1,7 миллионға жуық адам қаза тапты. 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргін құрбандары – 100 мыңнан астам қазақстандық болды.
1933 жылға қарай 40 миллион мал басының оннан бір бөлігі қалды. Мұндай іс-әрекеттерден бірінші кезекте қазақтар зардап шекті, себебі мал олардың негізгі азықтанудың жалғыз көзі болған. Тәркілеуге 4,5 миллионға жуық мал басы (ірі қара малға қайта есептегенде) алынған 11 260 шаруашылық кірді.
Салдарынан 1931-1933 жылдары 1 млн адамнан (Роберт Конквесттің бағалауы бойынша) 1,75 млн адамға дейін (Абылхожин, Козыбаев және Татимовтың бағалауы бойынша) қайтыс болады. 1 миллионға жуық қазақтарды Ресей Федерациясының шекаралас Қазақ АКСР өңірлеріне, соның ішінде Қырғыз АКСР, Қарақалпақ АКСР, Саратов, Сталинград және Орта Еділ өлкелеріне, Орынбор, Челябинск, Омбы облыстарына, сонымен қатар Батыс Сібір өлкесіне көшіруге мәжбүр болды.
Әсіресе бұл заңсыз жазалауға Кеңес одағы құрамында болған барлық халық пен ұлттардың бетке ұстар интелегенция өкілдері ұшыраған.
Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Тұрар Рысқұлов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Халел Досмұханбетов, Жаһанша Досмұханбетов, Абдулла Розыбакиев, Магази Масанчи сияқты мемлекет және қоғам қайраткерлері, ұлт зиялылары болды.
Ал Қазақстан аумағында орналасқан лагерлерге корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс аударылып келген. Осы қуғын сүргін жылдарында бүкіл елде 953 лагерь болған. Қазақстанда ГУЛаг-тың 20-дан астам лагері орналасқан. Атап айтқанда «Халық жауы» әйелдерінің Ақмола лагері (АЛЖИР), Қарағанды еңбекпен түзету лагері (Карлаг), Дальний, Степной, Песчаный, Камышлаг, Ақтөбе, Жезқазған лагері, Петропавл лагері, Кингир және Өскемен лагері және тағы басқалары болды. Сонымен қатар НКВД репрессияға ұшырағандардың отбасы мүшелерін де соттады.
Сонымен қатар 2016 жылы Алматыдағы Қарағайлы саябағына 1930 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш-мемориал орнатылған. Эскиз жобасының авторлары: Дулат Үсенбаев, Айдос Бүркітбаев және Қанат Бегулиев. Қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған ескерткіш «Ана» деп аталады. Ескерткіш аштықтан қажыған баланы кеудесіне қысып алған ана бейнесінде жасалған.
Кеңес Одағында И. Сталин қайтыс болғаннан кейін хрущевтік «жылымық» кезінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау басталып, ол бірнеше кезеңнен тұрды. Одақтың жоғары органдары қолға алған алғашқы – «хрущевтік» (1953 – 1961 жж.), содан кейінгі – «горбачевтік-яковлевтік» (1988 – 1991 жж.)ақтау кезеңдерінің, сондай-ақтәуелсіз Қазақстанның билігі жүргізгенақтау шараларының басты кемшілігі олардың осы аса маңызды әрі қасіретті проблема бойынша оныңреттеу нысанасын жан-жақты зерттемей, Қазақстанда орын алған саяси қуғын-сүргіндердің мерзімдерін, құрбандардың ауқымын саналы түрде қысқартып, олардың ұлттық ерекшелігі мен негізгі санаттарын ескерместен, мемлекеттік актілер қабылдауынан көрінді. Өкінішке орай,«Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау кезінде де осы және басқа да өрескел қателіктер тағы да қайталанды.
Осы Заңды, сондай-ақ басқа заңнамалық және нормативтік актілерді әзірлеу мен қабылдау кезінде, тіпті ғылыми зерттеулер барысында саяси қуғын-сүргінніңұлты қазақ кісіні, біріншіден, адам және азамат ретінде, екіншіден, қазақ халқының мүддесі мен құқықтарының өкілі әрі иесі ретінде қуғындау жөніндегі екіжақты табиғаты, екіжақты мәні мен екіжақты мақсаты болғаны ескерілмеді. Өкінішке орай, бұл ерекшелік күні бүгінге дейін ескерілмей отыр (бұл бойынша талдамалық анықтама дайын). Соның салдарынан құрбандар мен жапа шеккендердің Қазақстанға тән белгілі бір санаттары қолданыстағы заңнаманың құқықтық реттеу аясына қамтылмай, тыс қалды.
Елімізде мемлекеттік зорлық-зомбылықтың, соған сәйкес саяси қуғын-сүргін құрбандарының осыншалықты орасан көп болуына басқа себептерден бөлек, большевиктік-сталиндік биліктің біздің жерімізде Қазкрайкомның Бірінші хатшысы Ф. Голощекин бастама жасаған, сипаты жөнінен – халыққа қарсы, салдары жөнінен аса қанқұйлы жоба «Қазақстандағы кіші қазан» сияқты бағдарламаларды саяси эксперимент ретінде жүзеге асырғаны себеп болды. Мұндай бағдарламалардың «табысты» түрде іске асырылуы жеке халықтың капитализмді аттап өтіп, феодализмнен социализммен коммунизмге бірден көшетіні жөніндегі ортодоксалды-маркстік догманың дұрыс екенін дәлелдеуге тиіс еді. Орайы келгенде айта кетейік, «Алаштың» білімді басшылары сол кездің өзінде Қазақстанның бұдан өзгеше, өркениетті, еуропалық даму жолын ұсынған болатын.Бүгінгі тарих «алашордалықтардың» ақиқат жолды таңдағанын айғақтап отыр.
Дегенмен еліміздегі бірқатар тарихшылар саяси қуғын-cүргін құрбандарын және сол жылдардағы оқиғаларды әлі де зерттеу керек деп есептейді. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелді репрессия та¬рихы өте ауқымды тақырып екенін айтып жүр. Оның түрлі ба-ғытта¬ры, салалары бар. Оның айтуынша, біз саяси қуғын-cүргін құрбандарын салаға бөліп, зерт¬те¬уіміз керек.
Мысалы, репрессияның ашыл¬май жүрген бір бағыты – биліктің ға-лымдарды қудалауы. Бұл ретте ауызға ал¬дымен ХХ ғасырдағы ұлттық ғылым бағыт¬тарының негізін қалаушы Алаш зиялылары оралады. Кеңестік билік оларға байланыс¬ты репрессия жүргізген уақытында зиялылар¬ды ғалым ретінде емес, саяси көзқарастары үшін қудалады. 30-жылдары жаңадан қалыптасып келе жатқан ұлт зиялыларының қызметі мен міндеті принциптік өзгерістерге ұшырады. Қазақ қоғамының қандай бағытта дамуы мен мазмұнын анықтау кеңестік биліктің қолы¬¬на көшті. Қазақ зиялылары ХХ ғасырдың ба¬сында осы міндеттерді өздері атқаруға тырыс¬ты, бі¬рақ бұл міндеттен олар біржола ығыс¬ты¬рыл¬ды. Реформалау және оның маз¬мұнын бел¬гілеуде билікке тартылған қазақ аза¬мат¬тарына тек орындаушылық міндет жүк¬телді. Осыны түсінген Алаш зиялылары ендігі жер¬де тек ағартушылықпен айналысу¬ға, ғылым¬ға ден қоюға мәжбүр болып, өзде¬рін осы са¬лада танытуға тырысты. Өйткені олар¬ға мем¬ле¬кеттік басқару ісінде өз қабілеттерін та¬нытуға біржола шек қойылды. Патшалық билік се¬кілді кеңестік билікте де зиялылардың көз¬қарастарын сепаратистік деп бағалады, – деп айтылады.

ЖШ Ақпарат