31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Аудан әкімі Елдос Ахметов Шымыр ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мақсатында ұйымдастырылған шараға қатысты.

Шара барысында аудан әкімі бастаған әлеумет саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, жазықсыз жазаланған марқұмдарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Шара соңында аудандық орталық мешіттің бас имамы Мұхаммед Ордыбай қуғын-сүргін құрбандарына арнап құран бағыштады.

Ескелді аудыны әкімінің баспасөз қызметі.