Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасына басшы тағайындалды

ТАҒАЙЫНДАУ

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Қанағатов Әсет Серікұлы Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

 Қанағатов Әсет Серікұлы

1977 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын қаржы және несие, құқық бакалавры мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы облысындағы «Автотехқызметкөрсету» ЖШС-ның экономист-бухгалтері болып бастады.

Әр жылдары «Талдықорған электр желісін тарату компаниясы» ААҚ экономист-бухгалтері, Алматы облысының қаржы басқармасының жетекші маманы, Көксу ауданының қаржы бөлімі басшысының орынбасары, басшысы, Текелі қалалық экономика және қаржы бөлімінің, қаржы бөлімінің басшысы, қала әкімінің орынбасары, Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, басшысы болды.

Соңғы жылдары шағын және орта бизнес саласында еңбек етті.