Қазақ тілі — біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз — оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл — өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет» деп нақты атап көрсеткен болатын.
Мемлекеттік тіл — ұлттық және рухани бірліктің басты факторы, негізгі басымдығы. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Оны білу әрбір Қазақстан азаматының парызы және міндеті болып табылады. Қазақ тілінің мәртебесін арттыру, оның қолдану аясын кеңейте түсуге үлес қосу ушін пәрменді шараларды жүзеге асыру қажет. Сот саласында да мемлекеттік тілдің қолдану аясын арттыра түсуге қазіргі таңда айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Сотың шығыс және кіріс құжатайналымы толық мемлекеттік тілде жүргізілуде. Дегенмен, қазақ тілінде жүргізілетін сот процестерінің үлесін арттыра түсуге кейбір кемшіліктер қолбайлау болып жүргені құпия емес. Бұл әсіресе сотқа келіп түскен істердің арасында қазақ тілін жақсы меңгерген азаматтарға қатысты істердің өзін сотқа дейінгі тергеп тексеру органдары қызметкерлерінің тарапынан орыс тілінде рәсімделіп келетініне байланысты. Себебі, көбінесе сотта қаралатын істер бойынша құқық бұзушының ұлты қазақ болса да әкімшілік хаттамалар орыс тілінде толтырылып, құқықтары да орыс тілінде түсіндіріліп жатады, ал сол құқық бұзушы сотқа келген жағдайда «мен орыс тілін жетік білмеймін, кейбір сөздерді түсінбеймін, полиция қызметкері хаттаманы орыс тілінде толтырған сон, хаттамаға қол койдым» деген уәждерін айтып жатады. Ал, сот істі жүргізуді қай тілде келіп түссе сол тілде жургізуге мәжбүр. Сондықтан болашақта мұндай кемшіліктерге орын берілмесе, қазақ тілінде өткізілетін сот процестерінің саны анағұрлым арта түсері талассыз
Ұлан МАМЫТБЕК,
Ескелді аудандық сотының судьясы