Құрметті аудан тұрғындары!

2013 жылдың қарашасында қыркүйектің әр соңғы жексенбесінде атап өтілетін Еңбек күні мерекесі құрылды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысы).

Бұл мереке өзінің адал еңбегімен Егемен Қазақстанның қалыптасуы мен экономиканың дамыуына негізін қалаған еңбеккерлерге алғысын білдіруге арналған.

Еңбек күнін мерекелеу шеңберінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтауға бағытталған «Еңбек жолы» республикалық конкурсы құрылды.

Конкурстың мақсаты ел экономикасының дамуына елеулі еңбек үлесін қосқан отандастардың жетістіктері үшін қазақстандықтардың мақтанышын туғызу болып табылады.  Конкурсқа кәсіпорынның (саласына қарамастан) барлық жұмыскерлері қатыса алады.

Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп, ең көп санды әулет таңдалады.

Конкурсқа меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдардағы еңбек әулеттерінің өкілдері қатыса алады.

Еңбек әулеті – бір отбасының жақын туыстарының  екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және аталған ұйымдағы жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған әулет өкілі әулеттің басшысы болып танылады.

Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс.

2) «Өндірістің үздік жас маманы» — жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;

3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» — жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім;

2) жеке куәліктің көшірмесі;

3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);

4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1-2 минут компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);

5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері/жұмыс орнынан анықтама;

6) жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат;

Бар болса (мынадай құжаттардың көшірмелері):

мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардың көшірмелері;

біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.

Өтінімдер 2023  жылдың 1 маусымға дейін Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне Қарабұлақ ауылы, Сатпаев көшесі 67, 3 кабинет немесе eskeldy_sobes@mail.ru  электрондық поштасына  жолдауларыңызды сұраймыз.