Жұмыс беруші қызметкерді МӘМС үшін жарналар мен аударымдар туралы хабардар етуі тиіс.
Қызметкерге төлемнің екі түрі түседі:
Аударымдар — оларды жұмыс беруші өз қаражаты есебінен төлейді — 2023 жылы оның мөлшері қызметкер жалақысының 3% құрайды. Аударымдардың максималды мөлшері 10 ЕТЖ-дан 3% — дан аспауы керек (3%*10*70000=21000 тг.)
Жарналар — оларды жұмыс беруші қызметкердің жалақысынан ұстайды, олар қызметкердің жалақысының 2% құрайды.
Аударымдардың ең жоғары мөлшері 10 еселенген ЕТЖ — 2%(2%*10*70000=14000 тг.)
Егер қызметкер МӘМС жарналарын мемлекет төлейтін 5 жеңілдік санаттың біріне кірсе, онда жұмыс беруші олар үшін аударымдар мен жарналарды төлемейді.
Бұл санаттар:
• балалар
• зейнетақы жарналарын алушылар
• «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері немесе «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар
• мүгедектер
• орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын адамдар
• жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға, баланы (балаларды) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыстағы адамдар
«Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қоры» КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы