Ешкімде ешқашан ұмыт қалмайды

Жер дүниені дүр сілкінткен сұрапыл соғыс өртінің сөнгеніне 78жыл толып  отыр.  Жеңіс күнін тойлағанымен оның салмағы ауыр.Соғыс адамзат жүрегіне өшпес  жара салды.Қан майданда  қазақ халқы  талай боздақтарынан  айырылды. Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Жеңіс мерекесі –бейбітшілікті  сүйген  барша  адамзат  қауымының мерекесі.

9-мамыр Ұлы Жеңіс күні  қарсаңында Жалғызағаш ауылдық округінде  Ұлы Жеңіс күніне орай  ауылдық клуб жанында орнатылған обельиск алаңы арам шөптерден тазартылып, әктеу, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

9-мамыр күні  Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына 78жыл толуына орай    «Ешкімде ешқашан ұмыт қалмайды» атты салтанатты жиын өтті.

Шараның мақсаты: Жас ұрпаққа Ұлы Отан соғысының зардаптарын түсіндіру, оларға патриоттық тәрбие беру, балаларды  Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге,халқымыздың тарихын құрметтей білуге, қадірлеуге үйрету, жас ұрпақты адамгершілікке, елін- жерін қорғауға баулу.

Жеңіс күні  мектеп оқушылары ескерткіш алаңында   сап түзеп құрмет көрсетті.Мерекелік шараға  тыл ардагері А.Ғалымов атай, Ауған соғысы ардагері Қ.Бидайбеков  және бейбітшілік үшін  Карабах таулы өңірінде  өткен  әскери іс-қимылдарға  қатысқан Е.Иманбеков шақырылды.

Мерекеге келушілер Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза болған жерлестердің аты–жөні жазылған  Ескерткіш алаңында бір минут үнсіздікпен Ұлы Отан соғысында қаза болған боздақтарды  еске алып,ауыл имамы  құран бағыштады,  Обелиск алаңына жиналған  қонақтар, оқушылар ескерткішке  гүл шоқтарын қойып тағзым етті, мерекелік  шара  мектеп алаңында  жалғасты, шарада ауыл әкімі Д.Сапарғалиев Ұлы Жеңіс күнімен барша мерекеге қатысушыларды құттықтап елімізде бейбітшілік болсын, ел іргесі аман болсын деп ақ тілегін білдірді.Ардагерлердге Жеңіс күніне орай алғыс хаттар мен марапаттаулар тапсырды. Шарада мектеп оқушылары Жеңіс күніне арналған жыр шумақтарын оқыды соңы мерекелік концертке жалғасты.

Салтанат Ускенбаева,

Жалғызағаш ауылдық

 клуб әдіскері