Тіл оқыту курстары: заманауитехнологиялар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу

Мамыр айының 4-5 аралығында Қарағанды облысының тілдерді дамыту орталығының ұйымдастырумен «Тіл оқыту курстары: заманауи технологиялар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу» атты екікүндік тәжіріибе алмасу семинары өтті.

Семинарға Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ж. Жолдыбаев, бөлім меңгерушілері А. Қанайбаева,   М. Қуанды, Ескелді аудандық филиалының меңгерушісі А. Нұрбек, оқытушылар Ж. Елесбаева, С. Райсова тәжірибе алмасуға барды. Сондай-ақ,  Жамбыл, Қостанай, Көкшетау, Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығы басшылары мен оқытушылары, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында «Нотариат саласына арналған оқу құралының құрлымы және мазмұнымен таныстыру» атты оқу-құралының тұсауы кесілді.

Семинарға қатысушылар «КАРЛАГ» музейіне экскурсия жасады. Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының мемлекеттік және ағылшын тілі оқытушыларының сабағына қатысып, тәжіріибе алмасты. Семинарға қатысқан әр облысытың тіл оқыту орталығының қызметкерлері тіл саласындағы өзекті мәселелерді қозғап, өзара пікір алмасты

 А. Нұрбек,

Жетісу облысының

«Тіл» оқу-әдістемелік орталығының

Ескелді аудандық филиалының

меңгерушісі