Кедергісіз келешек

27 сәуір күні №12ППТК-ң мамандары «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Ескелді ауданының мектепке дейінгі , орта білім беру ұйымдарының арнайы педагог, педагог- психологтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің заманауи әдіс-тәсілдердің ерекшеліктері» атты тақырыпта аудандық семинар өткізді.


Семинар мақсаты:
-Ерекше білімді қажет ететін балаларды тәрбиелеу және түзету жұмыстары мәселелері бойынша арнайы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.
-Ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жасаудағы кешенді заманауи әдіс-тәсілдермен бөлісу.


Семинарға «Жетісу облысының білім басқармасы» ММ-нің «Облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КММ-нің әдіскері Жанабекова Талшын Даулетқызы қатысты.
Семинарды №12 ППТК басшысы- Ашимбаева Нұржамал Жеңісқызы ашып, мекеменің мақсат, міндеттері, жалпы жұмыс бағыттары жайлы толық тоқталып өтті.
Мекеменің арнайы мамандары (дефектолог, мұғалім- логопед, педагог- психолог, музыка және ырғақ маманы) сөз алып, баяндама оқып, шебер сыныптар көрсетті.
Семинардың екінші бөлігінде әр мамандық бойынша секцияға бөлініп, ППТК-ң мамандарынан келген педагогтер «Ерекше білім қажет ететін балалармен» заманауи әдіс тәсілдерді арнайы сабақта қолдану жайлы ақпараттар алып, жекелей танысып көруге мүмкіндік жасалып, көрме көрсетілді.
Сонымен қатар семинарға қатысқан мамандармен тәжірибелік сабақтар көрсетіліп, алған әсерлерімен бөлісіп, сабақта тиімді қолдану жайлы мағлұматтар берілді.
Қорыта келе семинардан алған әсерлерін қорытындылау мақсатында «рефлексия « жасалды. Семинар қатысушылары сөз алып, алғыстарын білдіріп, семинардың жоғарғы деңгейде өткенін тілге тиек етіп, ұжымға шығармашылық табыстар тіледі.


Г.Т.Ногайбекова-Оракбаева,
№12 ППТК әдіскері