Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы алғаш көріп қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
Кім білмес қазағымның қою шайын,
Жал-жая, қазы-қарта, құрт пен майын.
Ақ тілекпен әрбір келген қонаққа
Құрметпен шығаратын төрі дайын-деп
ақын ағаларымыз жырлағандай
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.
1-Мамыр Халықаралық бірлік пен ынтымақ күні мерекесіне орай Жалғызағаш ауылдық округінде, ауылдық мектеп алаңында «Береке бірлікте-ырыс ынтымақта» атты мерекелік шара өткізілді.Шара барысында ауыл әкімі Д.Сапарғалиев және мектеп директоры А.Мейірбеков бірлік күнімен мерекеге қатысушыларды құттықтап ақ тілектерін білдірді.Мектептің оқушылары өзге ұлттың салт –дәстүрімен таныстырып, сол ұлттың тілімен 1-мамыр ынтымақ пен бірлік күніне арналған мерекелік құттықтауларын жолдады, әр ұлттың өнерін көрсетіп әдет-ғұрпымен таныстырды. Шара мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Рахымбекова және мәдениет қызметкерлерінің бірлесуімен өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге , елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. 1-мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу: Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету. Басқа ұлт-өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау,шығармашылықтарын дамыту. Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі-өнегесін оқушылардың бойына сіңіру.
Дана халқымыз айтқандай-«Ел бірлігі-ең асыл қасиет» ынтымағымыз жарасып, парасатты, сабырлы,салиқалы ұрпағымыз көбейе берсін! Халқы жомарт, даласы дархан, таулары қорған болған жусанның жұпар исі аңқыған, ақ бесік Атамекені бар аңқылдаған әр қазағымыз аман болсын!
Салтанат Ускенбаева,
Жалғызағаш ауылдық округі
Әдіскер