Оқырмандар шығармашылығы

Аңқоймас Шәкіржан аңғарына біздің аталарымызды бөліп орналастырған.Өлке тарихының бастауы Ескелді, Балпық би мен Қаблиса жыраумен тығыз байланысты. Жан жаққа бытырап, тоз-тоз болып кеткен елдің басын біріктірді. Сол кезде қазақ көсемдерінің бірі Ескелді мен Балпық би өз елін жұрттың сонау Сыр бойынан жинап, ата қонысына Жетісуға қоныстандырды. Аңқоймас, Шәкіржан аңғарын біздің Аппақ анамызға бөліп берген Ескелді бабамыз әркімның туған жері Мысыр шаһар. Сол айтқандай менің мысыр шаһарым Жетісу. Ол менің отаным . Мырза ұлы жүз жалайырдан Шұманақтан тарайтын ру, шежіре бойынша Бәйбіше Аман деген атаға бөлінеді.

1865 жылы санақта 1310 түтін болған, Октябрь ревалюциясына дейін қазіргі Талдықорған облысының Қарақой, Бурақой, Дауылбай, Қайрақты таулы үстірттінде Сарыкөл Қызымен Тамшыбұлақ өзендері Шарбақты сайының сол жағындағы Достар Жосалы шөлді жерді мекендеген.

Нұғыман, Баймұрат,
Бекбұратқа арнауым

Биссмилааһ деп бастайын сөздің басын

Жазылсын ой туғасын

Қауырсын қаламымды қолға алдым

Жеткізіп ойды қалам жорғаласын

Әуелде түпкі ойым терең еді

Тарих десе құлағым елеңдейді

Ата баба еңгегі ұмтылса

Қалай көңіл шаттыққа бөленеді

Сол түнекті жазайын ішімдегі

Маған керек ұрпақтың түсінгені

Сонда ғана болады басылғандай

Аталар мен әжелеркүрсінгені

Сол жылдардағы күзі еді

Сол кезлдегі газеттерді оқысаңдар

Заманның қиындығы сезіледі

Сол кезде бабам менің бастық бопты

Сталиннің әрбір сөзін түсіндіріп

Сауапттарын ашыпты жайын тапты

Қанша саястану болсадағы

Ділге сенімсіздік болсадағы

Болашақта алаштың арын ойлап

Үкіметіне сеніпті сынбай сағы

Кеңесте ортақ ойды ойласады

Ақылдаса ертеңге бойласада

Қазағым қандай күйге түседі деп

Армандапты октябрь тойласада

Бір күні жинап бабам бауырларын

Түсіндіріп дәуірдің дақылдарын

60 аппақты көшіріпті

Аттап өтіп көршілес ақылдарын

Атам сол кезді сезген екен

Жерді жаулап жатқан өзге бөтен

Қонысын аударыпты жайлы төрге

Уақыт ағысынан алып секем

Сол қоныс екі өзен ортасында

Жайлауы бар тауының қалқасында

Қараулы бар тағы ортасында жартасында

Баймұрат бабам тауып Өрқұсақты

Силапты ұрпағына жер мен бақты

Іздесе біреу өзіне билік тақты

Атамыз бізді ойлапты болашақты

Ұрпағыма тілеймін татулықты

Бабадан келе жатқан батырлықты

Әжеден келе жатқан ақындықты

Алла жолын ұстаған Оразанмен

Жоғалтпандар ағайын жақындықты

 Оразхан Нұгманов,

Өрқұсақтың тумасы