Жеміс ағаштарының бактериялды күйігі

Өте маңызды

Жеміс ағаштарының бактериалды күйігі-Erwinia amyla ovora ( Curiee)- Бактериялдық күйік. Бактериялды күйік ауруы  бақтарға үлкен қйыншылықтар туғызады. Жеміс ағаштарының бактериялды күйігі өте қауіпті жұқпалы ауру.

Оның қауіпті саналатын себебі, тез таралады  және аурумен күресу  өте қиын. Бактериялды күйік алма , алмұрт, долана, алхоры және тағы басқа 180-нен астам түрін зақымдайды. Зақымдалған ағаш күйік шалғандай түске енеді.

Сондықтанда бактериялды күйік ауруы деп  аталады. Ауру қурал сайманмен, ыдыс арқылы және өсімдіктің  вегетациялық кезеңінде жәндіктер  мен суармалы  сулармен  таралады. Көктем ылғалды болса , бактерияның белсенділігі артады.

Ауруға шалдыққан ағаш 1-3 жылда түгел жойылады. Алма бақтары бар шаруа қожалықтармен жеке аулаларда өсіп тұрған алма ағаштарға профилактикалық жүмыстарды  міндетті түрде жүргізіп тұрған жөн. Көктем кезінде жаңадан  отырғызылытын алма және алмұрт көшеттерін  мамандандырылған заңды түрде тіркелген  көшет өсіретін шаруашылықтан алған дұрыс. Өйткені бактериялды күйік ауруы алма ағаштарының көшеттерінен тараған деген болжам бар.

Д. Искаков,

Ескелді аудандық аумақтық инспекциясының Өсімдіктер карантин  инспекторы