Абайлаңыз — интернет алаяқтар!

Жетісу облысы бойынша жыл басынан бері 171 интернет алаяқтық фактілері тіркелді, бұл республика аумағында 4 728 тіркелген алаяқтықтың жалпы санының 4,2 % құрайды.

171 интернет алаяқтық фактілері өңірлер бөлінісінде: Талдыкорган қаласы-144, Текели қаласы-7, Алакөл – 2, Ескелді – 4, Көксу – 3, Қаратал – 5, Панфилов — 6. Көбінде, бұл қылмыстың түрі ұялы телефондарды қолдану арқылы жасалады.

Алаяқтар банктік ақпаратқа қол жеткізу үшін азаматтардың қажетті жеке мәліметтерін алудың түрлі тәсілдерін қолданады: жоғары лауазымды полиция қызметкерлері WhatsApp мессенджеріне алдын ала қолдан жасалған, растайтын құжаттарды тастай отырып ұсынады: елтаңбалы мөрмен расталған қызметтік куәліктерді, қылмыстық іс қозғау туралы қаулы түрлі банктердің қаржы бөлімдерінің қызметкерлері ұсынады.

Мысалы, Талдықорған қалалық полиция басқармасымен аз. А. арызы бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде, іс құжаттарына сәйкес белгісіз тұлғалар оның атынан онлайн несие алып, алған қаражатты жымқырған.

Көбінде Сізге несие рәсімделгені туралы жаңылыстырады және олар  банк картасы бойынша мәліметтерді, карточка нөмірін, банк картасының артқы жағында орналасқан CV кодын хабарлауды сұрайды.

Көбінде алаяқтар WhatsApp мессенджеріне қонырауларды пайдаланады, өткені WhatsApp қонырауларды бақылау қиын, өйткені бұл адамдар ел ішінде де, одан тыс жерлерде де болуы мүмкін.

Интернет-алаяқтық «Колеса», «Крыша», «OLX» интернет-сайттарын пайдалану арқылы да жасалады.

Әлеуметтік желілер арқылы: «Инстаграмм», «Телеграмм», «Фейсбук», «ВКонтакте», арқылы мүлікті сату туралы хабарландыруды жариялау кезінде. Сонымен қатар, алаяқтар көбінесе қымбат заттардың өте төмен құнын пайдаланады, осылайша сатып алушыларды тартады.

Қазіргі уақытта қылмыстың осы түрін жандандыруға байланысты ішкі істер органдары қылмыстың осы түрін жасауға жол бермеуге бағытталған шаралар қабылдауда. ІІМ қылмыскерлердің алаяқтық әрекеттері туралы ескерту сипатындағы SMS хабарламалар жібере басталды.

Республиканың ішкі істер органдары азаматтарды сақ болуға және негізгі сақтық шараларын ұстануға шақырады.

ІІМ негізгі ұсынымдары:

1. Ешқандай жағдайда банктер немесе құқық қорғау органдары қызметкерлерінің несие беру, мүлікті сату және ақшасын қауіпсіз шоттарға аудару немесе несие беру туралы телефон нұсқауларын орындамаңыз. Құқық қорғау органдары телефон арқылы арнайы операциялар жүргізбейді.                             

   2. Өзінің дербес деректерін, пластикалық карталардың деректемелерін ешкімге хабарламау, аударымдар туралы түбіртектерді, тіпті банк, полиция қызметкерлері болып табылатын тұлғаларға кодтар мен кодтық сөздерді және т.б. бермеуді талап етеміз.

3. Жеке деректерді белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа көздерге бермеңіз. Тексерусіз алдын ала төлем жүргізбегеңіз. Тауарды алғаннан кейін төлем туралы келісуге тырысыңыз. Мұндай қызметтер, мысалы Қазпоштамен көрсетіледі.

4. Күмәнді мәмілелер бойынша аударымдарды жүзеге асырмаңыз, ашық кіріс көзінсіз қаржылық схемалардан сақ болыңыз.

5. Қолданбаларды орнату үшін тек ресми App Store, Play Market және т.б. пайдаланыңыз.

6. Өтпеуге сілтемелер бойынша жіберуді, мысалы жалған төлемдер жасалғандай болып көрсетілуі мүмкін, жеке тұлғалар төлем жасау үшін жеке ұялы телефондағы бағдарламалардың СПАМ-сілтемесі жеке терезесі арқылы белгісіз тұлғалардан хабарлама ретінде келу мүмкін.

7. Банкинг қызметтеріне қолжетімділік құпия сөздерін үнемі ауыстырып отыруді, яғни 3D қорғауды және банктер ұсынатын басқа да, қауіпсіздік шараларын пайдаланып отыруды.

8. Негізінде тұлғаларға өздерінің шоттарындағы ақша қозғалысын жиі тексеріп отыруды ескертеміз. 

Талғат Әскебекұлы,

ҚР БП ҚСжАЕАЖК-нің  Жетісу облысы бойынша басқармасының қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру прокуроры