Ескелді аудандық сегізінші шақырылған мәслихатының кезекті үшінші сессиясын өткізуТӘРТІБІ

2022 жыл 26 сәуір                           Қарабұлақ кенті

Құрметті депутаттар!

Сессияға Ескелді аудандық мәслихатқа сайланған 13 депутаттың ____ қатынасып отыр_____ депутат белгілі себептермен сессия жұмысына қатыса алмады.

Сессияның жұмысына аудан әкімі Елдос Тұрсынбайұлы Ахметов, Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Қуаныш Жұмаханұлы Ноғайбеков және сессияға шақырылған аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары ауыл әкімдері, құқық қорғау органдарының басшылары, мекеме басшылары барлығы ____ адам қатысып отыр.

Құрметті депутаттар!

Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-шы бабына сәйкес сессия жұмысын ашық деп жариялаймын.

Сессияның күн тәртібі:

1. Ескелді ауданының және ауылдық округтерінің 2022 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есеп;

Баяндамашы: Гүлмира Мұқатайқызы Бейсекулова – аудандық қаржы және экономика бөлімінің басшысы.

2. «Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі» Ескелді ауданы әкімдігінің жанындағы Консультативтік–кеңесші органның 2022 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп;

Баяндамашы: Жұмағұл Әбдіраманұлы Әлімбеков – аудан әкімінің орынбасары, Консультативтік–кеңесші органның төрағасы.

3. Ескелді аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 27-140 «Ескелді ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Баяндамашы: Гүлмира Мұқатайқызы Бейсекулова – аудандық қаржы және экономика бөлімінің басшысы.

Сессия жұмысының регламенті:

Баяндамашыларға 10-15 минутқа дейін, жарыссөзге қатысушыларға 3-5 минутқа дейін уақыт беріледі.

Құрметті депутаттар! Аудандық мәслихаттың кезекті төртінші сессия жұмысының күн тәртібімен, регламентін бекітуді дауысқа саламын.

Қабылдансын деген депутаттар қол көтерулеріңізді сұраймын.

Қарсы, қалыс бар ма? Жоқ.

Бірауыздан қабылданды.

Құрметті депутаттар! Күн тәртібіндегі бірінші мәселе, Ескелді ауданының және ауылдық округтерінің 2022 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есеп жасау үшін сөз аудандық қаржы және экономика бөлімінің басшысы Гүлмира Мұқатайқызы Бейсекуловаға беріледі.

Есеп аяқталды. Баяндамашыға берер сұрақтарыңыз бар ма?

Жоқ.

Келесі сөз, Ескелді ауданы мәслихатының «Экономика, қаржы, бюджет және заңдылықты сақтау мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның төрағасы Александр Викторович Хильниченкоға беріледі.

Құрметті депутаттар! Ескелді ауданы мәслихатының «Экономика, қаржы, бюджет және заңдылықты сақтау мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның отырысында, Ескелді ауданының және ауылдық округтерінің 2022 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есеп жан-жақты талқыланып, қаржы және экономика бөлімі мен ауылдық округдердің әкімдерінің есептері тыңдалған.

Ескелді ауданының және ауылдық округтерінің 2022 жылға арналған бюджетінің орындалуы туралы есебі бекітілсін деген ұсыныс түсті.

Шешімдердің жобалары таратылып берілген.

Құрметті депутаттар! Осы ұсынысты қолдайтындарыңыз қол көтерулеріңізді сұраймын.

Қарсы, қалыс. Жоқ.

Бюджеттің атқарылуы бекітілді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселеге көшеміз.

«Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі» Ескелді ауданы әкімдігінің жанындағы Консультативтік–кеңесші органның 2022 жылы атқарған жұмыстары туралы, сөз аудан әкімінің орынбасары Жұмағұл Әбдіраманұлы Әлімбековқа беріледі.

Есеп аяқталды.

Баяндамашыға қояр сұрақтарыңыз бар ма?

Жоқ.

Қаралған мәселе бойынша шешім қабылдауымыз керек.

Шешімнің жобасы депутаттарға таратылып берілген. Алып қосарларыңыз бар ма?

Жоқ.

Онда қаралған мәселе бойынша шешім қабылдансын деген депутаттар қол көтерулеріңізді сұраймын.

Қарсы, қалыс. Жоқ.

Шешім бірауыздан қабылданды.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе, Ескелді аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 42-140 «Ескелді ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндама жасау үшін сөз аудандық қаржы және экономика бөлімінің басшысы Гүлмира Мұқатайқызы Бейсекуловаға беріледі.

Баяндама аяқталды.

Баяндамашыға қояр сұрақтарыңыз бар ма?

Жоқ.

Қаралған мәселе бойынша шешім қабылдауымыз керек.

Шешімнің жобасы депутаттарға таратылып берілген. Алып қосарларыңыз бар ма?

Жоқ.

Онда қаралған мәселе бойынша шешім қабылдансын деген депутаттар қол көтерулеріңізді сұраймын.

Қарсы, қалыс. Жоқ.

Шешім бірауыздан қабылданды.

Қорытынды жасауға сөз аудан әкімі Елдос Тұрсынбайұлы Ахметовқа беріледі.

Құрметті депутаттар! Осымен аудандық мәслихаттың кезекті үшінші сессиясын жабық деп жариялаймын.

Барлықтарыңызға рахмет!