Қарабұлақ ауылында бойынша әлеуметтік дүкен ашылды

Қарабұлақ ауылында Балпық би көшесі, 59 (автовокзал маңы, Титов атындағы орта мектеп қасында) мекенжайы бойынша әлеуметтік дүкен ашылды.

Дүкенде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 18 түрі ұсынылған.

Кәсіпкерге «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ тарапынан жеңілдікті заем берілді, өз кезегінде дүкендер Тұрақтандыру қорының тауарларын және «айналым схемасы» бойынша жұмыс істеп жатқан өндірушілердің өнімдерін үстемесіз саудалайтын болады.

Дүкендегі сату бағасы нарықтық бағадан орта есеппен 10%-ға төмен.
Мысалы, қант бағасы — 425 тг/кг (нарықтағы баға – 483 тг/кг), күнбағыс майы 740 тг/кг (нарықтық – 931 тг/кг), күріш 340 тг/кг (нарықтық – 496 тг/кг)