Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облыс бойынша «Бизнеске жол» жобасы шеңберінде өңірде бизнесті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді шешу жөнінде шаралар қабылдануда.
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органы (бұдан әрі-МКД) кәсіпкерге қызметті жүзеге асыру мекенжайы бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келетін бастапқы объект жоқ екендігін дәлелдей отырып, лицензия алудан бас тартты.
МКД-дан бас тартқан кәсіпкер Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасына жүгінді. Кәсіпкерлер палатасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес өтініш Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу басқармасына берілді. Превенция бөлімінің қызметкері лицензия беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тізбегін талдады. Талдау нәтижелері бойынша «жылжымайтын мүлік тізілім» ақпараттық жүйесінде ақпараттың дұрыс көрсетілмеуінен тұратын олқылық анықталды.
Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша кәсіпкерге тиісті лицензия берілді.