Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі

ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» атты республикалық байқауын жариялады.

Байқауға қатысуға мемлекеттік қызмет өтілі кемінде үш жыл, құжаттарды қарау кезінде мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін шешілмеген әкімшілік жазалары және тәртіптік жазалары жоқ мемлекеттік қызметшілер жіберіледі.

I кезең — өңірлік (облыстық) деңгейдегі, өңірлік конкурстық комиссиялар өткізетін конкурс.

Құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 15-30 сәуір аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттеріне электронды почтамен жіберу арқылы жүзеге асырылады.

Қатысушылардан талап етілетін құжаттар тізімі:

1) Мемлекеттік органның ұсынымы

2) Қызметтік тізім (өзектендірілген)

Байқаудың мақсаты — мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибесін тарату, үздік кәсіби білімі мен дағдыларға ие мемлекеттік қызметшілерді айқындау

Бірінші кезеңнің жеңімпаздары конкурстың екінші кезеңіне республикалық деңгейде қатысуға ұсынылады.

Байқау туралы барлық ақпарат, оның ішінде ұсынымның нысаны және басқа да қажетті мәліметтер Агенттіктің интернет-ресурсында жарияланды. Сілтемесі: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/documents/details/452647?lang=kk

Құжаттарды жіберу үшін байланыстар:

dgs-jetysu@mail.ru

Анықтама телефондары: 8-747-289-89-84, 8-7282-24-11-61.

II кезең – республикалық деңгей.
Екінші кезеңде республикалық комиссия қатысушылардың презентациясын тыңдау мақсатында 2023 жылғы 2 маусымға дейін кандидаттармен әңгімелесу өткізеді. Презентация қорытындылары бойынша республикалық комиссия онлайн дауыс беруге жолдау үшін үздік ұсыныстарды іріктейді.
Онлайн дауыс беру Агенттіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жүргізіледі және оған республиканың барлық азаматтары қатыса алады.
Республикалық комиссияның қорытынды отырысында конкурс жеңімпаздары айқындалатын конкурс нәтижелері туралы шешім қабылданады.
Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі «23 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші күні» мерекесіне орай ұйымдастырылады.
Толық ақпарат Агенттіктің ресми сайтында орналастырылған арнайы Әдістемелік ұсынымда көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Жетісу облысы бойынша Департаменті