ҚАРУДЫ ӨТКІЗ

НАУҚАН ҚАРУДЫ ӨТКІЗ – СЫЙАҚЫ АЛ ҚҰРМЕТТІ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ 2023 ЖЫЛДЫҢ 10 СӘУІРІНЕН БАСТАП ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТАН ТІРКЕЛМЕГЕН ҚАРУДЫ САТЫП АЛУ НАУҚАНЫН БАСТАЙДЫ.
ӨЗДЕРІҢІЗДЕ ТІРКЕЛМЕГЕН АТЫС ҚАРУЫН, ОҚ-ДӘРІЛЕРДІ, ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТТАРДЫ АҚШАЛАЙ СЫЙАҚЫҒА ТАПСЫРУҒА НИЕТ БІЛДІРГЕН АЗАМАТ КЕЗ КЕЛГЕН ҚАЛАЛЫҚ НЕМЕСЕ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМДЕРІНЕ ӨТІНІШ ЖАСАЙ АЛАДЫ.
ӨТІНІШКЕ ҚОСЫЛАТЫН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ — ЖЕКЕ КҮӘЛІК ЖӘНЕ БАНКТІҢ ЖЕКЕ ШОТЫНЫҢ КӨШІРМЕЛЕРІ.
ҚАРУДЫ ЕРІКТІ ТАПСЫРУ ҮШІН МАТЕРИАЛДЫҚ ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕУ МӨЛШЕРІ ӘР БІРЛІК ҮШІН 10-нан 100 АЙЛЫҚ ЕСЕПТІК КӨРСЕТКІШКЕ ДЕЙІН ТӨЛЕМАҚЫ АЛА АЛАДЫ (1 АЕК — 3450 теңге).
ҚАРУ ТАПСЫРҒАН АЗАМАТТАР БЕРІЛГЕН СЫЙАҚЫНЫ ЖЕКЕ ШОТЫНА АУДАРУ ЖОЛЫМЕН АЛАДЫ. ЗАҢСЫЗ САҚТАЛҒАН ҚАРУДЫ ӨЗ ЕРКІМЕН ТАПСЫРҒАН АЗАМАТТАР ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТЫЛАДЫ.
СҰРАҚТАР БОЙЫНША ТӘУЛІК БОЙЫ 102 НЕМЕСЕ 8(72836) 3-08-82 ТЕЛЕФОН НӨМІРЛЕРІ АРҚЫЛЫ ХАБАРЛАСУЫҢЫЗҒА БОЛАДЫ.