Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Ескелді аудандық мәслихатының «Ескелді ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» 2018 жылғы 28 қарашадағы № 40-245 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4916 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде, Ескелді ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Кодексінің 510-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарлатылсын.». - Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Жер мәселелері, ауылшаруашылығы және табиғатты қорғау жұмыстарын қамтитын» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні