ЕЭК-те қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттармен әңгімелесу өткізу кестесі жарияланды

ҚР СИМ ағымдағы айдың үшінші он күндігінде бейнеконференцбайланыс режимінде Еуразиялық экономикалық комиссияда (ЕЭК) қызметкерлердің бос лауазымдарына қатысуға ниет білдірген кандидаттармен әңгімелесу өткізілетінін хабарлайды.

Әңгімелесуді өткізу уақыты мен күні кандидаттарға қосымша хабарланатын болады.

Әңгімелесу барысында Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары — Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № 280 – НҚ бұйрығымен бекітілген «Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларының» 10-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігі бағаланатын болады.

Біліктілік іріктеу нәтижелері ҚР сауда және интеграция министрлігінің ресми сайтында 2023 жылғы 15 мамырға дейін жарияланады.

gov.kz