Gosagro.kz: субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің жұмысы туралы түсініктеме

Әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ-та  жарияланған бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесіндегі фермерлердің дербес деректерінің таралуы туралы мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес СБМАЖ-да аутентификация екі тәсілмен: логин мен пароль арқылы, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүргізілетінін хабарлайды.

Жарияланымдарға сүйенсек, мессенджерлердің жалпы чаттарында СБМАЖ-ға қолжетімділік берілді, бұл жүйенің осалдығы емес, логин мен пароль немесе ЭЦҚ иесі тарапынан адами факторды көрсетеді. Өйткені тіркеуді және парольді фермерлер тіркеу кезінде өздері қалыптастырады. Бұл жағдайда жүйені жасаушылар пайдаланушының қандай пароль орнатқанын білмейді. 

Заңнамаға сәйкес ЭЦҚ азаматтың өз қолымен қол қоюына тең және бірдей заңды салдарға әкеліп соғады. Бұл ретте ЭЦҚ-ның жабық кілттері иелердің меншігі болып табылады. ЭЦҚ-ның жабық кілттері басқа тұлғаларға берілмейді.

Сонымен қатар, тіркеу куәлігінің иесі өзіне тиесілі ЭЦҚ жабық кілтін заңсыз кіруден және пайдаланудан қорғау үшін шаралар қабылдауға, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен ашық кілттерді сақтауға міндетті.

Одан әрі проблемаларды болдырмау үшін осы мәселе бойынша Ауыл шаруашылығы басқармаларына қаржы институттарына қолданыстағы парольдерді өзгерту және ашық чаттарда деректерді хабарламау ұсынылды. Мұндай рәсім айына кемінде 1 рет жүргізілуі керек екенін айта кету керек.

         Қызылорда облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының өтінімдерді қарау процесін кешіктіру мәселесі бойынша 2022 жылғы 27-31 желтоқсан аралығында өтінімнің Qoldau.kz  платформасында қабылданғанын және «күту парағына» енгізілгенін хабарлаймыз, ол СБМАЖ-де болмаған, бұл өз кезегінде жаңа өтінімдерді қарауға кедергі келтірді.

Осы мәселені шешу үшін министрлік Qoldau.kz платформасының иелеріне жүгініп, 2022 жылғы 27-31 желтоқсан аралығында осы порталдың күту парағына енгізілген өзекті ақпаратты ұсынуды сұрады. Тиісті ақпарат алғаннан кейін, Qoldau.kz  платформасындағы тарихи деректер СБМАЖ-не енгізілді.

Қызылорда облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, осы өтінімдер бойынша төлем процесі, сондай-ақ gosagro.kz порталындағы жаңа өтінімдерді қарау бойынша жұмыстар басталды.

ҚР АШМ