Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Сыбайлас жемқорлық-заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің мемлекетімізге де орасан зор нұсқан келтіріп отыр.

 «Сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе –бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Парақорлық мемелекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың ұжымдардың, жергілікті өзін өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттілігі шегінде қадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

 Біздің саламыз бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған келесі жұмыстар атқарылған: Қазақстан  Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес туралы» Заңдарының негізіде  2023 жылға  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу бойынша жұмыс жоспары құрылды. Жоспардың орындалуы басқарма басшысының қатаң бақылауда, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350 –VI ҚРЗ Кодексі Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің  90 бап негізінде басқарма  басшысының айына төрт рет азаматтарды қабылдау кестесі бұйрықпен бекітілді, азаматтарды қабылдау кестесі көрнекті жерде ілінді. Кәзіргі  кезде рұқсат беру кұжаттары толықтай электронды форматқа ауыстырылды. Мамандармен тексеру жұмыстары тек жыл басында бекітілген тексеру кестесіне сәйкес және арнайы есепке алу басқармасының рұқсатымен ғана жүргізіледі. Мекеме ғимаратында 8/72836/3-92-49 «сенім телефоны» жұмыс істейді.

          Жоғары нәтижелерге қол жеткізу және қызметтің тиімділігін арттыру қызметті жүзеге асыру процесінде әрбір қызметкердің қолданыстағы заңнама нормаларын сақтауына тікелей байланысты. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрбір мемлекеттік қызметшінің қоғам үшін де, өзі үшін де оның салдарын объективті бағалау міндеті екенін түсіну қажет.

          Е.К.Сейсембинов,

Ескелді аудандық СЭБ басқарма басшысы 

  А.М.Бабаева,

Ескелді аудандық СЭББ бас маманы