- «Ораза мен Құран қиямет күні құлға шапағат етеді» (Ахмед б.Ханбәл,Мүснәд, ІІ, 174).
- «Ораза – сабырдың жартысы» (Термези, Дәауәт,86).
- «Ауыз ашарды асығып, сәресіні кешіктіріп істеңдер» (Табәрани,Мұғжемүл-Кәбир, 25,163).
- «Рамазан айы кіргенде жәннат есіктері ашылады. Жәһаннам есіктері жабылады. Шайтандар да шынжырмен байланып қамалады» (Бұхари; Мүслим).
- «Аса Құдіретті және Ұлы Алла: Адам баласының әр амалы өзі үшін. Ал, ораза ондай емес! (Өйткені мен жемеймін, ішпеймін және бүкіл адамдық сипаттардан пәкпін). Сондықтан оразаның сауабын ерекше түрде көп қылып мен беремін», – дейді (Құдси хадис. Бұхари,Саум,2,9; Мүслим, Сыям,30.).
- «Егер адам шынайы иманмен және сауабына жету мақсатымен Рамазан оразасын ұстап, тарауих намазын оқыса, шешесінен туған күндегідей күнәсіз болады» (Ахмед бин Ханбәл; Нәсәи).
- «Мүмин өлгенде намаз бас жағында, садақа оң жағында, ал ораза сол жағында болады» (Зәкәрия Қандәһлеуи, Фәдәилү Ағмәл, 267-263).
- «Кімде-кім ораза ұстаған біреуге ауыз аштырса(ораза ұстаған кісінің сауабы кемітілмей), оның сауабын алады» (Термези).
- «Ораза ұстаңдар, (денелік және рухани) денсаулықтарың жақсы болады» (Табәрани, Әбу Нұайм, Әбу Һүрайрадан риуаят еткен).
- «Ораза ұстау тек ішіп-жеу мен сондай нәрселерден бас тарту емес. Кәміл және сауабы бар ораза пайдасыз сөзден, уақытты босқа өткіузден, өсек-аяң айтудан және нәпсі әммараның (нәпсі дәрежесінің ең төменгісі, тек жамандықты қалайтын нәпсі) бүкіл бейімділіктерінен аулақ болғанда ғана болады. Егер біреуден сөгіс естісең немесе саған надандықпен бір әрекет жасалса өзіңе-өзің: «Сөзсіз, мен оразамын!» деп сабыр ет!» (Хаким; Бәйхаки).
- «Ораза ұстаған кісіге екі қуаныш бар: 1. Ауыз ашқанда қуанады. 2. Раббысына қауышқанда оразасының берекетімен жеткен ұлы дәрежесін көргенде қуанады» (Бұхари, Саум, 9).
- «Кімде-кім ораза ұстаған күйінде қайтыс болса, Жәннатқа кіреді» (Әл-Баззар. «Сахих әл-жәми’» 6224).
- «Кімде-кім рамазан айында Алланың сый-сауабына деген иманмен және үмітпен ораза ұстаса, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі» (әл-Бухари 38, Муслим 760).
- «Барша ораза тұтқанда ораза тұтыңдар және барша ауыз ашқанда ауыз ашыңдар, әрі құрбан шалуды да барша орындайтын кезде орындаңдар»
(Әт-Тирмизи 697, Ибн Мәжаһ 1660). - «Көзбояушылықпен (рия жасап) ораза ұстаған адам ширк (көпқұдайшылық) жасады» (Ахмад 4/126 Хадис хасан)
- «Ұмытшақтықпен жеп не ішіп қойған адамның оразасы бұзылмайды, өйткені, расында, оны тамақтандырып, сусындатқан – Алла» (Әл- Бухари 1933, Муслим 2/171).
- «Егер құсық еріксіз шыққан болса, онда оразаны өтеу міндетті емес. Ал егер ол әдейі шығарылса, онда оразаның қазасын өтеу керек» (Ахмад 2/498, Әбу Дауд 2380).
- «Таң атпастан бұрын тамақтаныңдар, өйткені суһурда (сәресінде) береке бар!» (әл-Бухари 1923, Муслим 1095).
- «Адамдар ауызашарларына асыққандарынша дін ашық (айқын) болады, өйткені яһудилер мен христиандар оны кейінге қалдырады (кешіктіреді)» (Әбу Дауд, ән-Нәсаи, әл-Хаким. Хадис хасан. Қараңыз: «Сахих әл-жәми’» 7689)
- «Сендерден біреу ауыз ашатын болса, құрмамен ауызын ашсын, ал егер ол құрма таппаса, онда сумен ифтар жасасын, өйткені, расында, ол тазартады» (Әбу Дауд 2355, әт-Тирмизи 658, Ибн Мәжаһ 1699.)
- «Рамазан айының түндерін Алланың сыйына иман келтіріп және үміт етіп, намаз оқумен өткізген адамның бұрынғы күнәлары кешіріледі» (әл-Бухари 37, Муслим 759)
- «Алла өтірік айтуын және өтірікке сәйкес амал етуін тоқтатпаған адамның жеп-ішуін қойғанына мұқтаж емес» (әл-Бухари 1903).
- «Ораза – бұл жай ғана ішіп-жеуден тыйылу емес. Ақиқатында, ораза – бос сөздер мен жаман сөздерден тыйылу!» (Ибн Хузайма, Ибн Хиббан, әл-Хаким. Хадис сахих. Қараңыз: “Сахих әт-тарғиб” 1082).
- «Шын мәнінде, ораза – бұл аманат (сеніп тапсырылған нәрсе). Ендеше, әркім оған сеніп тапсырылған нәрсені сақтасын!» (Әл-Хараити “Мәкәримул- ахләқ”. Хафиз әл-‘Ирақи хадистің иснадын хасан деген. Қараңыз: “Тахриж әл-Ихья” 1/354).
- «Ораза тұтушының ауызынан шығатын иіс Алла үшін мисктің (әтірдің) хош иісінен де жағымдырақ!» (Муслим).
- «Расында, ораза ұстаушының ауызашар алдында жасаған дұғасы қайтарылмайды» (Ибн Мәжаһ 1753, әл-Хаким 1/422. Хафиз Ибн Хәжар, әл-Бусайри және Ахмад Шакир хадистің сенімділігін растаған)
- «Шөл басылды, тамырлар нәрге толды, Алла қаласа, сауап та бізді күтіп тұр» (Әбу Дауд 2357, әл-Бәйһақи 4/239).
- «Расында, Жәннәтта «Әр-Райяан» деп аталатын қақпа бар. Қиямет күні одан ораза ұстағандар кіреді. «Ораза ұстағандар қайда?», — делінеді. Олар орындарынан тұрады. Олардан басқа ол қақпа арқылы ешкім кірмейді. Олар кіріп болған соң ол қақпа жабылады да, одан кейін ол арқылы ешкім кірмейді» (Бұхари, Муслим).
- «Біздің оразамыз бен кітап иелері оразасының арасындағы айырмашылық – сәресі ішу», — деген (Муслим).
- Умму Умара әл-Ансария (оған Алла разы болсын) былай деді: «Бірде маған Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кіргенде, оған ас ұсындым. Ол кісі: «Сен де ал (же) », — деді. Мен: «Оразамын», — дедім. Сонда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, періштелер ораза ұстаушының үйінде басқалар тамақ жегенде, олар тамақ жеп болғанша немесе тойынғанша ораза ұстаушыға игілік тілейді» (Тирмизи)
ЖШ Ақпарат