Бүгін ел ертеңі үшін маңызды күн

Халықтың сайлауға қатысу белсенділігі жақсы. Жасы жүзден асқан Ақсу ауданындағы жалғыз Ұлы Отан Соғысы ардагері Гаврил Степанович Моисеев, өз таңдауын жасап, дауыс берді.

Ғасыр жасаған қария ел үшін маңызды істен шет қалмады. Қапал ауылының тұрғынының үйіне арнайы құрылған комиссия мүшелері барды. Гаврил Степанович тұрғылықты мекен жайы бойынша үйінен дауыс берді.

«Сайлау бұл ел үшін аса маңызды шара. Елдің болашағы үшін әрбір қазақстандық сайлауда өз дауысын беруге міндетті. Бұл ел ертеңіне деген сенімімізді нығайтады.»,-дейді ҰОС ардагері Гаврил Моисеев.

Естеріңізге саламыз Ақсу ауданында 44 сайлау учаскесі жұмысын жалғастыруда.